45
XX ғасырдың бас кезіндегі көркемдік дамуда өзгеше сипатқа иеленді. Бұл ретте
М. Әуезовтің 1925 жылы жазған «Әдебие тарихы»
оқулығындағы ойларға
тоқталсақ: «Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті.
«Қазақ»
газетінің
мезгілі
әдебиетке
ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас.
Ол уақыт қазақ жұрты 1905 жылдың
өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып,
енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып,
патша
саясатына
қарсылық
білдіруге
жұмылған кезі еді. Әдеби дамуға қосылған
М.
Дулатовтың
«Оян,
қазақ!»,
А.
Байтұрсыновтың «Маса», Е. Бұйринның
«Ызың», Б. Ержановтың «Тұр қазақ», М.
Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі»
кітаптары ұлттық оянудың шырқау шыңы болды.
Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт
шығармалары жалпыұлттық идеяның қазақ халқына қанатымен су сепкен
қарлығаштай қызмет жасады.
Шәкәрім Абайдың туысы, інісі бас шәкірті. Ол ақын, сазгер, жазушы,
философ, тарихшы, аудармашы, көсем сөздің шебері, Алаш ұранды әдебиеттің
өкілі.
Мен жетелеп өлемін,
Өрге қарай қазақты.
Өлсем де ойын бөлемін,
Сөзбен
салып азапты, - деп алдына биік мақсат қоя ұмтылған ақын
төңкерістен соң Алашорда үкіметінің жұмысына араласқан. 1917 жылы
желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақ сиезіне арнайы
шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған.
Білімі терең, ақылы кәміл, табиғатынан әділ, парасаты биік Шәкәрімге
көрсетілген құрмет деп ұғыңыз.
«Алаш ұраны» - Алашорданың гимні. «Алаш ұраны – «Алаш»
партиясының, адамзат
баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді
өткеріп жатқан қазақтың ұраны еді. Сұлтанмахмұт – елін емірене, жұртыен
тебірене сүйген ұлтжанды азамат. «Алаш ұраны» - 1917 жылғы ақпан
төңкерісінен кейін жазылған шығарма.
1917 жылдың 20 наурызында Петроградтан Әлихан, Мұстафа, Міржақып
«Алаш ұлына» атты мақала жолдап, онда: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай
жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Неше ғасырдан бері жұрттың
бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет өзгеге қазған оры өзіне көр
болып, қайтпас сапарға кетті. Осы қуаныш лебі С. Торайғыров өлеңінде де
жалғасқан. «Алаш ұранындағы»:
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Елімізді лайлаған,
46
Ерімізді айдаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті
залым қарасы
Жасасын, алаш, жасасын! – деп ақынның жігерлене жыр кестелеуі сол заман
ақиқатын көз алдымызға елестетеді.
«Таныстыру» поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін, ал «Айтысы»
байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды шығармалар деген ат
қойылып, тұтқындық күй кешті. Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылып
келе жатқан бүгінгі таңда «Таныстыру» мен «Айтысты» қалың оқырман
қауымға қайтармау С.Торайғыров шығармашылығына қиянат. «Таныстыру»
1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде
болған кезде жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда Советтердің
Бүкілқазақстандық I сиезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да II өтті.
Қазақстан облыстарында қазақ комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп
жатты. Семей облысы қазақтарының сиезі 1918 жылдың 14 наурызында
белгіленді. Төңкерістен соң елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер деген
сұрақ тұрды. С. Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы осы сауалға жауап
бергендей еді.
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен балам.
Тап біздің осы Семей облысының
Көш басшы адамдарын айтшы маған.
Біз
дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де түк білмейтін қазақ надан.
Қара қазақ сауалы. Шындығында заман өзгеріп, уақыт аумалы-төкпелі қалыпта
тұрғанда болашағын ойлайтын әр адамның қоюға тиісті сауалы.
Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше
ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен оқырман қуанышына бөленіп жырланады:
Ерте оянған кісінің біреуі осы,
Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын.
Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға,
Ақсақал бола алғандай осы кәрің...
Шәкәрім барша қазақтың күллі адамзаттың ынтымағын көксегке,
ақылшы, ойшы бейнесінде көрінеді. С. Торайғыров Шәкәрімді жасы үлкен
ақсақал ғана емес, терең тамырлы қайраткер, тұңғыш ойлы ғалым, қазақ көркем
ойының кемел суреткері дәрежесінде қабылдайды.
Нәзипа Құлжанкеліні мен Нұрғали Құлжанұлына «Таныстыруда»
лайықты орын берілген. Ерлі-зайыпты Құлжановтар қазақ мәдениетінің
тарихында мәңгілік із қалдырды.
Поэмада басқа да көптеген адамдар аталады. Нақты айтқанда, Мұқыш
Поштайұлы, Әнияр Молдабаев пен Иманбек Тарабаев, Жақып Ақбайұлы,
Биахмет Сәрсенов т.б.
«Таныстыру» - С. Торайғыровтың поэма жанрындағы тұңғыш
талпынысы. Ақын уақыт талабына
жедел жауап беріп, төңкеріс пен оның
47
мәнін, бағыт-бағдарын ажырата алмай дел-сал күй кешкен жұртына елдікке
бастар азаматтарын, әдеби жайнаған тілмен таныстыра білген.
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен
Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «Торғай даласы-ұлт-азаттық
көтерілісінің күретамыры» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференция өткізді. Конференцияда жергілікті
Арқалық қаласындағы дала
өлкесі тарихи облыстық мұражайының ғылыми қызметкері
Сағынтаев
Достарыңызбен бөлісу: