4. Сәйкестік сертификатын беру. Ӛтінілген бҧйымның сертификаттау
сынақтары нәтижелері оң болған кезде, сертификаттау органы тағайындалған
ҥлгіде басылған сәйкестік сертификатын береді. Берілген сәйкестік
сертификаттары ҚР МСЖ мемлекеттік реестрінде тіркеледі. Сәйкестік
сертификатының тҥрі мен жҧмыс жасау мерзімі сертификаттау сҧлбасына
байланысты және сертификаттау органымен бекітіледі. Кӛбіне, ӛнім
сертификатының мерзімі бҧйымның жҧмыс жасау, пайдалану немесе тарату
мерзіміне беріледі, бірақ 3 жылдан артыққа берілмейді. Ӛнімнің ілеспе,
техникалық, пайдалану қҧжаттарында жҥргізілген сертификаттау туралы белгі
қойылады.
5. Сертификатталған ӛнім мен қызметті таңбалау. Сертификаты бар ӛтінім
беруші сертификатталған ӛнімді немесе қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау
қҧқығына ӛтінім береді. «Сәйкестік белгісі» термині – МСЖ ережелеріне
сәйкес қолданылатын, ӛнім, қызмет, жҧмыс немесе процесс нақты нормативтік
қҧжатқа сәйкестігін қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілетін нҧсқайтын,
бекітілген ретпен қорғалған белгі. Таңбалау мақсаттары: дайындаушыға сенімді
жоғарылату; таратуға кӛмек; адамдардың денсаулығы мен ӛмірінің, қоршаған
ортаның қауіпсіздігіне сенімді болу. Таңбалау ҚР СТ 3.1-2001 «ҚР МСЖ.
Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар» стандартының талаптарына сәйкес
орындалады. Ӛнім мен қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау қҧқығы туралы
шешім ӛтінім бойынша қабылданады. Сәйкестік Белгісін қолдану мерзімі
сертификат мерзімінен аспайтын уақытқа беріледі.
6.
Инспекциялық
тексеру
жҥргізу.
Сертификаттау
сҧлбасымен
қарастырылған болса, сертификаттау органымен жҥргізіледі. Бір жылда 1
реттен кем болмайтын уақытта, сертификат мерзімі ішінде жҥргізіледі.
Сертификаттау органының комиссиясына Мемстандарттың территориялық
органдарының мамандары, тҧтынушылар қоғамының және басқа да мҥдделі
ҧйымдардың ӛкілдері қатыса алады. Ӛнім мен қызметтің сапасына
тҧтынушылардан, сауда ҧйымдарынан және бақылау органдарынан шағымдар
келіп тҥскен жағдайда, сонымен қатар бҧйымның конструкциясында, қызмет
технологиясында және т.с.с. ҥлкен ӛзгерістер болғанда жоспарда жоқ
тексерулер жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |