-
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және
маңызды болуы);
-
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде
қиындықтарды шешу).
-
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық
немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
-
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған
талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы
тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті
(көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін»
деп аталатын тақырыптар
жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс
жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен
шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема
пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу
аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог,
психолог немесе
басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп
отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне
ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері
бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін,
әсіресе
бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың
аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту
Тақырыппен жұмыс кезеңдері:
-
педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
-
Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
-
Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
-
Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
-
Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
-
Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
-
Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі
барысында нақтылау.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?
2.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?
3.
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?
4.
Проблеманы қою және дамыту мәселелері?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері.
оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).
2.
Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - №
2
3.
Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12.
(61-64 бет).
4.
Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005.
5.
Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002