Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
umkd

Практикалық болжам нақты сипатта болады. Жинақталған материалдардың молдығына 
қарай, практикалық болжам зерттелген материалдардан қорытынды жасайды. Мұндай 
болжамдар индуктивті тәсілмен пайда болады; бір фактінің үйлесімді қоланылуына қарай, 
белгілі бір оқыту жүйесінде немесе кейбір педагогикалық ситуацияларда дәледенсе және осы 
тәсіл ұтымды көрінсе, болжам педагогикалық қызмет барысында дамып жетілдіріледі. 
Сондықтан практикалық болжамның мынадай тізбегі пайда болады: 
Проблема. Сәтті шешілген тәжірибе фактілері - Жетекші идея - Болжам, шығармашылық 
тәжірибеде жетіледі – Анықталған болжам – Тәжірибеде тексеріп, практикалық ұсыныстар 
жасау. 
Абстрактілі – теориялық болжам жасау өте күрделі. Бұл жағдайда ғылыми пайымдау ретінде 
абстрактілі – теориялық болжам шынайы құбылыстар мен процестердің себебін білдіреді. 
Педагогикалық зерттеулердегі болжам алдын - ала анықталады. Болжамның мәні мен 
рөлі туралы Ш.И.Ганелиннің пікіріне тоқталсақ, ол былай дейді: “ Болжам – кез келген 
зерттеудің өзегі болады. Онда зерттелетін мәселе анық көрсетіліп, оның теориялық негіздері 
мен оның шешімін табу жолдары көрсетіледі… Онан кейін, оны зерттеу әдістері 
айқындалады: ол қажетті фактілер мен көп жағдайда эксперименттік материалдарды 
жинақтап, тексеруді, оны талдауды қажет етеді. Болжам - ол зерттеу кезеңіндегі белгілі бір 
зерттеу мәселесін ғылыми пайымдау. Болжам мәселені шешудің жобасын көрсетеді. Ондағы 
теориялық қағидалардан, белгілі мәселені шешу тәсілі көрінеді. Болжам зерттеу барысында 
зерттеудің бағытын анықтаумен бірге, өзі де толығып дамиды”. 
Мысалы, “Тәрбие жүйесін моделдеудегі педагогиалық жағдайлар” атты ғылыми-
зерттеу тақырыбын қарастырайық. Тәрбие жүйесін зерттеген ғалымдардың еңбектері 
талданғаннан кейін, осы мәселенің теория мен практикада толықтай шешім таппауының 
салдарынан, гуманистік тәрбие жүйелерін жүзеге асырудың тиімді шарттарын қамтамасыз 
ету қажеттігі туындайды. 
Сонымен, тәрбие жүйесін моделдеу процесі - құбылыс және қазіргі кезеңдегі 
педагогикалық практиканың қажеттілігі ретінде қарастырылғанымен, оның теориялық 
негіздері мен тәрбие жүйесін моделдеу технологиялары арасындағы қайшылық және оның 
педагогика теориясында жеткілікті зерттелмеуі, нақтырақ айтқанда, оны құрудың 
педагогикалық шарттарының бірлігін және әр түрлі білім ұйымдарында гуманистік тәрбие 
жүйелерін тиімді жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу тақырыбын анықтады. 
Ғылыми болжам –педагогикалық зерттеудің элементі ретінде.
Кез келген ғылыми - зерттеудің нәтижелі аяқталуы проблеманы дұрыс таңдап, оған 
негіздеме жасай білумен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында 
зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеулерде көбінесе тек жаңа фактіні 
айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Ғылыми - 
зерттеудегі қойылған проблеманың нәтижелі шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны
жетілдіреді. 
Ғылыми-зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе екені
белгілі. Ғылыми-зерттеу проблемасының табиғаты өте күрделі, сондықтан зерттелетін 
танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа білім өзінің
кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымдық процесті 
дамытып, жаңа ғылыми нәтиженің пайда болуына әкеледі. Зерттеу проблемасы ғылым
мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. 
Ғылыми білімнің даму барысында қайшылықты тенденция пайда болады: 
− 
біріншіден – ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, бұрынғы теорияның
фундаментальды, яғни іргелі негіздерін сақтап қалу керек; 


− 
екіншіден, педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары – оқыту мен тәрбиенің жаңа 
тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет