Зерттеу проблемасын таңдауда басты төрт мәселені ескеру керек:
−
оқу-тәрбие жұмысына қажеттiлiгi;
−
адам тәрбиелеудегi қоғамның перспективалық талабы;
−
педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуы;
−
зерттелмеген тың мәселелердi ескеру.
Педагогика ғылым саласының жеке зерттеулеріндегі ғылыми-зерттеу
жұмыстары келешекпен сабақтастық заңдылықтарын сақтауы тиiс. Сонымен,
проблеманы нақты анықтай білу - зерттеу логикасын iске асырады. Зерттелетiн
проблема нәтижелi болу үшiн педагогикада және оған ықпал ететін басқа ғылым
салаларында зерттеу нысанасына алынатын мәселелер, зерттелген болуы тиiс.
Егер зерттелетін проблема дұрыс белгіленсе, онда зерттеудің жетекшi идеясының басты
бағыты белгiлі болады. Проблеманың шешім табуы, оның идеясының нақты белгіленуімен
және зерттелуiмен анықталады. Жетекшi идея – зерттеу жұмысының ең басты мәселесi
болып саналады.
Кейде жетекшi идея тек бiр қырынан ғана зерттелiп, оған қайшы құбылыстар мен
процестер ескерiлмей қалады. Осыған орай, жетекшi идеяны қойылған мақсатқа байланысты
жан - жақты талдау қажет.
Жетекшi идея мен зерттеудiң жалпы бағыты – зерттеудiң басты координатын, оның
«өзгешелігін» сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететiндер - iргелi ғылыми-зерттеулер
мен маңызды идеялар екені белгілі. Идеяларды ғылымның алтын қоры деуге болады.
Ғылыми-зерттеу проблемасын анықтауда ізденуші практика мен өмiрдiң қажеттiлiгiн
ескеріп, бұрынғы зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеулерiн талдап, өзінің нақты зерттеу
мақсатын белгілеу керек. Зерттеу проблемасының құндылығын міндетті түрде практика
анықтайды.
Қазiргi кезеңде педагогикалық проблемалардағы болжамның рөлiн нақты
анықтаудың маңызы ерекше.
Педагогикалық ғылыми-зерттеудің нәтижесінде ақиқатқа жету үшін, болатын нәрсенi
ойда түйiндеп, оны iске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері алдын ала болжанады.
Болжау - ғылыми зерттеудiң тiрек көзi саналады. Болжам құра бiлу өте күрделi мәселе.
Болжам жетекшi идеямен бiрге туындап, проблеманың мәнiн түсiну барысында дамиды.
Болжамның екі түрі болады:
- біріншісі, жұмыс болжамы, уақытша бар фактiнi жүйеге келтiру үшiн қолданылады;
- екіншісі, ғылыми немесе шынайы болжам - ауқымды материал жинақталғаннан кейiн, оны
қисынмен қорытып, оған кейбiр түзетулер енгізіп, оны ғылыми теорияға айналдырыуға
көмектеседі.
Жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелiк салыстырмалы түрде
ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |