Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі


Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
umkd

Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау 
үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады.
Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет. 
1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу: 
а) міндеттердің қойылуы; 
ә) көрсеткіштерді таңдау; 
б) өзгермелі факторларды таңдау; 
в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау. 
2. Жоспарлау: 
а) бақылау сандарын анықтау
ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі; 
б) қолданатын реттеу әдісі; 
в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы. 
3. Талдау: 
а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу; 
ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және 
статистикалық есептердің өзін де тексеру; 
б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).


 Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):
2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары. 
1. Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды 
зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент. 
2. Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея 
негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент. 
3. Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде 
жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін 
эксперимент. 
4. Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған
нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Сонымен қатар, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады
− 
эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс; 
− 
эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық 
база ұйымдастырылуы тиіс;
− 
зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс
− 
эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс; 
− 
экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек; 
− 
экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс
− 
экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, 
үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;
− 
экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне 
тәуелсіз болуға тиіс;
− 
эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып 
алынуы тиіс; 
− 
эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс; 
− 
эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты 
сипатталынып берілуі тиіс. 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық 
құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны 
қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет