Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
umkd

2. Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты 
анықталады. Зерттеу мақсаты жұмыстың кезеңдік және қорытынды нәтижелеріне 
бағытталады. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын негіздеу жұмыстың бірінші кезеңінің 
нәтижесі болып табылады. Жұмыстың тақырыбы мен мақсатын анықтау құрамдас екі 
элементтен тұрады: зерттеу нысаны мен күтілетін нәтижелері. Мақсаттың үшінші элементі – 
ол нәтижеге жету жолы. Шын мәнінде зерттеу мақсатынан жалпы зерттеуде көзделетін ой – 
тұжырымдар анықталады. Сондықтан, жұмыстың мақсаты қысқа да нұсқа, мәнді әрі нақты 
болу шарт. Дұрыс қойылған мақсат зерттеу тақырыбының түбегейлі анықталуына ықпал 
етеді. 
Зерттеу мақсатының төмендегідей бірнеше қызметі бар: 
2.1. Танымдық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша теориялық шолу жасау және 
тұжырымдау; ғылыми зерттеудің тиімді жолдарын іздестіру; зерттеу пәнін негіздеу; зерттеу 
мақсатын анықтау; зерттеліп отырған тақырыпқа сәйкес зерттеудің теориялық және 
тәжірибелік бөлімдерінің бағыты мен көлемін анықтау; зерттеу тақырыбына байланысты 
зерттеу құбылыстарын топтасыру, теориялық пайымдаулар мен болжамдар жасау; зерттеу 
нысаны мен зерттеу пәнінің нұсқаларын жасау; жалпы тұжырымдар мен қорытындылар және 
күтілетін нәтижелерді анықтау. 
2.2. Бағалаушылық қызметі – зерттеу мәселелері бойынша толық және дұрыс шолу 
жасау, зерттеу міндеттерінің қажеттілігі мен жеткіліктілігін анықтау; теориялық 
зерттеулердің қажеттілі мен жеткіліктілігін анықтау; зерттеу бағдарламасының қисынды әрі 
кең көлемді болуын қамтамасыз ету; зерттеу әдістемесінің дұрыстығын дәлелдеу; теориялық 
және тәжірибелеік негіздемелердің күтілетін қорытынды нәтижелерге сай болуын анқтау
жасалған модельдердің дұрыс әрі қарапайым болуын қамтамасыз ету; зерттеу нысанының 


мазмұнын анықтау және топтастыру; зерттеу жұмысының нәтижелерін пайдалануға болатын 
салаларды анықтаудың алғышарттарын жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет