Аналогияның түрлері. Аналогияда бір объектіден екінші объектіге
қасиеттер немесе қатынастарды ауыстыру жүруіне қарай, оның формасы бойынша
негізгі екі түрін атауға болады: қасиеттер аналогиясы және қатынастар
аналогиясы. Қасиеттер аналогиясында ұқсас объектілер қасиеттері бойынша
салыстырылады және бағаланады. Сондықтан осы жағдайда ауысатын белгі
ретінде қасиетті атауға болады.
Қатынастар аналогиясында объектілер арасындғы қатынастардың ұқсастығы
қарастырылады. Объектілердің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, атомның
бірінші моделі Күн жүйесінің аналогиясы бойынша құрылған болатын, бұнда Күн
ретінде атомның ядросы алынды, ал планеталар ретінде ядроның айналасындағы
электрондар алынды. Бұл модельдегі қатынастар аналогиясы белгісіз болып
қалады, бірақ кейбір көрнекі ассоциациялар кеңістік өлшемі бойынша сақталып
қалады.
Аналогияның мүмкін боларлық сипаты. Толық емес индукциядағыдай,
аналогия бойынша ой қорытындысының нәтижелерінің мүмкін боларлық сипаты
болады, қазіргі заманғы логикада бұндай ой қорытындыларын шынайылар
қатарына жатқызады. Бұнда аналогияның мүмкін боларлық дәрежесі кең ауқымда
болады, ол мүмкін боларлықтың кішкентай дәрежесінен басталып, практикалық
шынайы мүмкін боларлық дәрежемен аяқталады. Логикалық әдебиеттерде
аналогиялар арасындағы айырмашылықтар әдетте, сапалы формада сипатталады,
яғни қатал емес немесе қатал аналогия ретінде қарастырылады.
Аналогия бойынша қорытынды жасаудың шынайылығы немесе мүмкін
боларлығы төмендегілерге тәуелді болады:
- салыстырылатын заттар мен құбылыстарда табылған ұқсас қасиеттер мен
қатынастардың саны;
- таңдалатын қасиеттер немесе қатынастардың мәнділігі;
- салыстырылатын
заттар мен құбылыстардың басқа мәнді қасиеттері мен
қатынастарындағы ауыстырылатын белгілермен байланысының болуы;
- объектілердің ұқсас қасиеттері мен қатынастарын дәл сандық формада көрсету
мүмкіндігі.
Аналогияның әлсіз дәлелдеуші күші болады, сондықтан көп жағдайда жаңа
болжамдар мен заңдылықтарды іздеу үшін қолданылады. Аналогия бойынша ой
қорытындыларының мүмкін боларлық дәрежесін ұқсақтық теориясының
талаптарын сақтау және белгілі жағдайлардың болуына қарай арттыруға болады,
онда қол жеткен мүмкін боларлықтың кез келген дәрежесі практикалық
шынайылықтан ешуақытта артпайды. Бұл ереже атап айтсақ, аналогияның қазіргі
формаларына енгізіледі, олар математикалық тұрғыда дәл құрылуы керек, ал
модельден түпнұсқаға өту барысында ұқсақтық теориясының талаптары
сақталады. Олардың мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға болады, бірақ ол қатал
аналогияның деңгейінде сақталып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |