Олардың шығармаларының беттері кей кезде тарихи романдарды еске түсіреді.
Дәл осылай ғалым-неокантиандар туралы айтуға болады. Атап айтсақ, Г.Риккерт,
В.Виндельбанд, А.С.Лаппо-Данилевский тарихтағы
қайталанбайтын бірегей
құбылыстарды ашуға ерекше мән берді.
Г.Риккерт тарихтағы негізгі әдіс ретінде идеографиялық (сипаттаушы) әдісті
атады. Бұған жаратылыстануда қарама-қарсы әдіс ретінде номотетикалық әдісті
атады, бұл әдіс заңдарды құрастыруға және жалпылау жасауға мүмкіндік береді.
Г.Риккерт
идеографиялық
әдістің
мәнін
ғалым-тарихшылардың
дара
ерекшеліктерін, қайталанбайтын тарихи деректерді сипаттауға байланысты
маңызды деп атап көрсетті.
Оның пікірінше, тарих оқиғаларды дараландырады,
олардың арасынан «тарихи индивиддум» деп аталатын ұғымды белгілейді, бұл
ұғым арқылы ұлт, мемлекет, жеке тарихи тұлға түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: