Осы әдістің көмегі арқылы Ф.Вольтер Батыс пен Шығыс елдерінің жалпы
әлеуметтік даму факторларын айқындады, еуроорталықтануды Шығыс елдерінің
материалды және рухани жетістіктеріне жағымсыз қатынасына қарай шеттетті,
Қытайдың, Үндістанның, Иранның, араб елдерінің тарихын Батыс Еуропа
елдерінің тарихымен салыстырды.
Салыстырмалы талдау ағылшын тарихшысы А.Дж.Тойнбиге
адамзат
тарихында 21 өркениетті анықтауға мүмкіндік берді. Ол классификацияны
белгілердің жиынтығы негізінде жүргізді (әмбебап мемлекеттің болуы, жалпы
шіркеудің болуы және т.б.). Бірақ, аталған әдіс белгілі уақыт кеңістігінде тарихи
объектілерді қарастыруға бағдарланған. Сондықтан, оны қолдануда негізгі назар
объектілердің кеңістік пен уақыт бойынша статикалық қалпына жинақталады, бұл
өз кезегінде қоғамдық процестердің динамикасын зерттеуді қиындатады.
Бұнда
тек қана дамудың бір сатысындағы біртипті тарихи объектілер мен құбылыстарды
салыстыруға болады, немесе әртүрлі типті құбылыстарды әртүрлі сатыларда
салыстыруға болады. Алғашқы жағдайда тарихи объектілер мен құбылыстар
арасындағы ұқсастық, ал екінші жағадйда –
олардың арасындағы
айырмашылықтар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: