24
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы
5-кестеде берілген.
5-кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып
Бөлім/Тақырып:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Бөлімше:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Санды және әріпті өрнектер
Есептер
және математикалық модель
Оқу мақсаты:
Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен
теңсіздікті айыра білу.
Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін
табу.
Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.
Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және
шығару, кері есеп құрастыру және шығару.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Талдау
Бағалау критерийі:
Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады.
Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды.
Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады.
Санды және әріпті өрнектерді салыстырады.
Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.
Орындау мерзімі
20 минут
Тапсырма
25
Бағалау
критерийлері
Дескрипторлар
Балл
Білім алушы
Теңдік, теңсіздікті,
теңдеуді ажыратады
теңдеулерді қызыл түспен бояйды;
1
теңдіктерді сары түспен бояйды;
1
теңсіздіктерді жасыл түспен бояйды;
1
Тура және тура емес
теңдіктерді анықтайды
тиісті санды жазып,
тура теңдік шығарады;
тиісті санды жазып, тура емес теңдік шығарады;
1
1
Берілген мәні бар әріпті
өрнектің мәнін табады
берілген мәні бар айырманың мәнін табады;
1
берілген мәні
бар қосындының мәнін табады;
1
Санды және
әріпті өрнектерді
салыстырады
қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;
1
айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;
1
бір амалмен берілген санды өрнектерді салыстырады;
1
Санды және әріпті
өрнектерді
салыстырады
есептің қысқаша шартын
жазады немесе сызбасын
сызады;
1
есептің сұрағын жазады;
есептің шешуін жазады (амал таңбасын таңдайды);
1
өрнектің мәнін табады – есептің шешуі;
1
есептің жауабын жазады.
1
Барлық балл
15
4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерінің талдауы
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға
кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік
береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы,
жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды,
сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.
Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 6-кестеде
көрсетілген.