Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Жай сӛйлемді оқыту әдістемесі 
Жай сӛйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен 
сӛйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталғаны жӛн. 
Хабарлы, сұраулы, лепті сӛйлемдерді оқытқанда, оқушыларға 
бұл сӛйлемдердің әрқайсының қандай жағдайда, қандай 
мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сӛйлеу тілінде 
немесе жазбаша текстілерде қандай мән беретінін
мағынасын жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол 
сӛйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, 
мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға, 
оларды оқудың интонациясы сӛйлемнің бүкіл мазмұны мен 
мағынасына сай келуі жағына айрықша кӛңіл бӛлінуге тиіс. 
Сӛйлемнің қалай түрленетінін мұғалімнің ӛзі жақсы білуі 
шарт. Сӛйлемнің түрленуін түсіндірген кезде оқушылардың 


123 
сӛйлемді дұрыс оқуына мән беруіміз қажет. Себебі, 
сӛйлемнің тыныс белгісі әр түрлі болып келуі мүмкін. 
Мысалы: 
1. Мынау қоян атыпты. 
2. Мынау қоян атыпты! 
3. Мынау қоян атыпты? 
Сӛйлемді интонациясына қарай түсіндіргенде бір сӛйлем 
алып, сол сӛйлемді әртүрлі интонациямен айтып, сӛйлемнің 
түрін байқатып, интонацияның мәнін, ерекшелігін байқатып 
түсіндірген тиімді. Сӛйлем мүшелерінің талдану тәртібін әр 
уақытта ескертіп отыру керек. Синтаксисті ӛту арқылы 
оқушы жазу тілі мен ауызекі сӛйлеу тілінің маңызын игере 
түседі. Оқушыға сӛйлемдегі сӛздердің бәрі грамматикалық 
байланысқа түсе бермейтінін, сӛйлемді талдағанда оқшау 
сӛздердің сӛйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген 
жӛн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс 
талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді 
саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет. ―Сӛйлем 
мүшелерін ӛткенде, мұғалімнің бір кӛңіл аударатыны 
сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі. Қазақ тілінде сӛйлем 
мүшелерінің орын тәртібі үлкен рӛл атқарады. Баяндауыш 
және анықтауыш мүшелердің орны тұрақты болады да, басқа 
мүшелердің орны ауыса береді.‖ [53.209]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет