72
4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу.
5. Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.
2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе
демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен
орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық
саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері:
жалпыға бірдей сайлау
құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының (цензінің)
төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен
азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен
жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм
принципінің орнығуы.
Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай
ұмтылыс жасап отырған кезде
көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр.
Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай
келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Жеке адамның қоғамдық
күштерді, саяси басшыларды, билік түрін қалауынша таңдау жасауына
мүмкіндік береді. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси
топтарды, басқарушы партияларды (егер олар өздерінің міндеттерін орындай
алмай жатса) алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси
қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты.
Сондықтан да демократиялық
қоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың
қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай
туады.
Бүгінгі күні, әсіресе, дамушы елдерде әртүрлі бағыттағы,
сипаттағы
бағдарламасы бар партиялар қалыптасты. Олардың саны көбейген сайын
қоғамдағы орны, қызметі, саяси идеология бағытына қарай топтастыру жүйесі
де белгіленді. Мысалы, саяси партиялар мақсаттарына қарай төрт топқа
бөлінеді: сайланушылар партиялары, қауымдастық партиялар, авангардтық
партиялар, парламенттік партиялар. Осы партия
топтарының кейбіреулеріне
сипаттама беретін болсақ, сайланушылар партияларының мақсаты өз
үміткерлерінің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру, қаржы жинау, үгіт
жүргізу. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз жоқ. Мысалы, АҚШ-
тағы республикалық және демократиялық партиялар,
Ресейдегі либерал-
демократиялық партия және т.б.
Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді:
1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық,
либералдық, христиан-демократиялық т.с.с.). Олар еңбекші халықтың
мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу
бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания
елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т.с.с. партиялар);
2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан
қалыптасып
келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді,
73
жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы,
Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық
бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы.
3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар.
Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының
коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы,
Қазақстан коммунистік партиясы және т.б.
4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің
басым
болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен
бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен
Италияда болған. Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік
ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады.
Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны,
идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін
болсақ, бүкіл дүние жүзіне
танылған, халыққа беделді партияларға социал-
демократиялық топ жатады. Ең бірінші социал-демократиялық партия 1869
жылы Германияда пайда болды. Бұл партия Германия социал-демократиялық
Достарыңызбен бөлісу: