Саясаттану



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата22.11.2023
өлшемі1.27 Mb.
#484089
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Снимок экрана 2023—09—07 в 09.37.40

берілгендік: бұнда саяси институттарға бағыттаушылық басымдық алады
белсенділік: бұнда азаматтардың саясатқа қызығушылығы мен белсенділігі 
жоғары сипат алады. Қоғам өміріндегі бұл үш тип бір-бірімен өте тығыз 
байланыста болады. Жоғарыда аталған авторлардың пікірінше, ең кеңінен 


92
таралғаны және саяси тәртіпті қамтамасыз ететіні «берілгендік» мәдениет 
үлгілерін меңгерген “азаматтық” мәдениет болып табылады. 
Адамдардың “белсенділік”, “берілгендік”, “азаматтық” саяси мәдениеті, 
зерттеушілердің тұжырымдамасы бойынша, әрбір оқиғаға байланысты іс-
қимылдары емес, олардың дәстүрлі іс- әрекеттері. Азаматтар жағынан дәстүрге 
айналған әрекеттер кейін құндылыққа айналады, себебі әлеуметтік топтардың 
іс-әрекеттерінің болжамды болуы қоғамның саяси қатынастарына тұрақтылық 
орнатады. Мысалы, көптеген Еуропа зерттеушілері бұндай құндылықтарға 
британ саяси жүйесіндегі мына дәстүрлерді жатқызады: дәстүрлендіру
(традиционализм) -- лейбористер өз бағдарламасын көптеген ғасырлар бойы 
жұмысшылар қозғалысының ашық оппозициялық дәстүріне сүйеніп жасаған; 
асыл тектілік (элитаризм)-- білім беру саласында “елге білімді жұмыссыздар 
керек емес” деген принцип консервативтік үкіметтің бағдарламасында маңызды 
орын алуы; жекешілдік (индивидуализм) - жеке адам өмірінің, жеке 
шаруашылықтың мызғымастығын ұстаным ету; викторияндық құндылықтар
- 10 библиялық өсиетті орындауға бойтұмар болу. 
Сонымен қатар ағылшын саяси мәдениетінде мемлекеттегі тәртіпті 
мүлтіксіз орындауға жол ашатын дәстүрлер қалыптасқан. Бұл тәртіпке бағыну 
дәстүрін Ұлыбритания басқарушы топтары қоғам мүддесіне нәтижелі түрде 
пайдаланып келеді. 
Ал бүгінгі Қазақстанға келер болсақ, біздің елімізде жаңа, өзіндік саяси 
мәдениет қалыптасып келе жатыр. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік 
саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің 
Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін 
тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде хабардар 
болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде 
жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан 
саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық 
мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу. 
3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері 
Дүниежүзілік қауымдастықтың саяси мәдениет саласында ғасырлар бойы 
қалыптасқан мол тәжірибе жинақталды. Олар: демократия, саяси билікті 
қалыптастыру жолдары, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері, 
көппартиялық, заңды оппозиция, баламалы сайлаулар және тәуелсіз бұқаралық 
ақпарат құралдарының қызметі. Осы тәжірибедегі ең маңыздысы - экономика 
саласындағы бүкіл адамзат мойындаған нарықтық қарым-қатынастар. Ал 
әлемдік саяси тәжірибенің нәтижесі- демократиялық саяси мәдениет болып 
саналады. 
Бірақ көптеген елдерде орнаған саяси режим мен идеологияға 
байланысты осы демократиялық саяси мәдениетті өз қоғамдарының қажетіне 
пайдалануға қолдары жеткен жоқ. Осы күнге дейін дүниежүзілік саяси 
мәдениетте қалыптасқан озық тәжірибені қолдамайтын тоталитарлық, 
авторитарлық режимдер, діни- дәстүрлі мемлекеттер әлі де аз емес. Ал бұрынғы 


93
Кеңес Одағын және басқа да социалистік елдер де қатал саяси идеологиясының 
қалыптасуына байланысты демократиядан, нарықтық экономикалық қарым-
қатынастан тыс қалған болатын. 
Сондықтан қазіргі кезеңдегі саяси мәдениет саласындағы негізгі мақсат -
демократиялық саяси мәдениет құндылықтарын игеру. Ал демократиялық саяси 
мәдениет төмендегі негізгі шарттар орындалғанда ғана тұрақты қалыптасады : 
1. Экономикалық және әлеуметтік өмірдегі пікірталастықтың болуы. Саяси 
пікірталастықты қалыптастыратын нарықтық экономикалық қатынастарды 
дамыту, меншіктің әртүрлі болуы, экономикалық іс-қимылдың, 
шаруашылық жүргізу мен дербес субъектілерінің әртүрлі үлгілерінің 
жүзеге асуы. 
2. Елдің саяси дамудағы мақсаты - азаматтық қоғам орнатуға бағытталуы. 
Демократиялық саяси институттарды қалыптастыру, азаматтық қоғамның 
ықпалынан туындайтын мемлекет өкілеттілігінің көлемін айқындау. 
Мемлекеттік биліктің барлық органдары халықтық, заңды сайлаулар 
арқылы қалыптасуы. 
3. Қоғам дамуының басты құндылықтарын, идеялары мен мақсаттарын 
айқындайтын, негізгі әлеуметтік топтар мен жіктердің мүдделерін 
қолдайтын партиялардың арасындағы саяси әдептіліктің болуы. 
4. Адам бостандығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында азамат құқығының 
сақталуы. 
Демократиялық саяси мәдениеттің таңдаулы салалары ретінде қоғамдық 
өмірдің демократиялық принциптері мен нормалары, жеке адам бостандығы 
мен тұлғаның өзін-өзі бағалай білуі саналады. Мәдениеттің бұл үлгісі 
азаматтардың өздігінен саяси ой білдірудің (идеологиялық пікірталас) ғана 
емес, саяси ұстаным таңдауда (саяси пікірталас) дербестік, өзгеше ойлауға 
төзімділік құқықтарын мойындауды қамтиды. Әртүрлі әлеуметтік топтардың 
мүдделерін ескеру мен жүзеге асыруға бағытталған, әрбір жеке адам құқықтары 
мен бостандықтарын қорғауға және нығайтуға бейімделген демократия 
механизмдері саяси-пікірталас негізі болып табылады. 
Демократиялық саяси мәдениеттің тағы бір көрінісі – адамдарды саяси 
біріктіру, яғни демократиялық процестерге қоғамның жаңа топтарын қосу, 
әрбір адамның саяси дамуына кең мүмкіндіктер беру. Бұдан демократиялық 
саяси мәдениеттің ізгілікті бағыты көрінеді. Бостандық пен белсенділік 
құндылықтары “адами бейнеге” айналады, мемлекеттік саясатқа сенімділіктің 
өсуіне ықпал етеді, демократияландыру салаларын ұлғайту үшін қолайлы 
әлеуметтік-психологиялық жағдай туады. Қоғамда демократиялық мақсаттарға 
қажет демократиялық құралдар, механизмдер мен ықпалдасулар арқылы 
жететін саяси түсінік қалыптасады. Бұл түсінік әлеуметтік қысымшылықты, 
қайшылықты, әртүрлі арандатушылықты азайтуға мүмкіндік береді. Қоғамдағы 
әлеуметтік топтар мен жіктердің саяси ынтымақтастығының тәртібі 
қалыптасады.
Түптеп келгенде, демократиялық саяси мәдениет – тек ұлттық, діни және 
басқа да дәстүрлерді сақтау ғана емес, қоғамдық өмір үлгілерінің 
көпқырлылығын жаңартуға бейімдейтін мәдениет саласы. 


94
Қазіргі кезеңде дүниежүзілік қауымдастық арасында жан-жақты және 
тығыз байланыстың болуы жағдайында әрбір мемлекеттің сәтті даму шарты -
демократиялық саяси мәдениетке ұмтылыс жасап, қоғамның, әрбір азаматтың 
саяси мәдениетін жоғарылату. 
Қорыта айтқанда, саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, қоғамның 
прогреске бағыт алуы – нәтижелі саяси мәдениеттің деңгейімен байланысты 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет