Саясаттану



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата22.11.2023
өлшемі1.27 Mb.
#484089
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Снимок экрана 2023—09—07 в 09.37.40

Бақылау сұрақтары
1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері.
2. Саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер.
3. Саяси мәдениеттің жіктелуі.
4. Саяси мәдениеттің рухани мәдениеттен және ұлттық мәдениеттерден 
айырмашылығы.
5. Субмәдениет туралы түсінік.
6. Саяси мәдениет туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалымдар?
7. Саяси мәдениеттің типтері.
8. Саяси әлеуметтенудің мақсаты неде?
9. Әр елдің адамы бір саяси оқиғаға әртүрлі көзқарасты білдіреді.
Бұл неліктен? 
10.Саяси мәдениеттің қандай екі деңгейін білесіз? 


95
YІІ тарау 
САЯСИ ЖҮЙЕ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ. 
1. Саяси жүйе теориясының қалыптасуы 
Саяси ғылымда “саясат”, “саяси өмір”, “саяси құрылыс” деген 
ұғымдармен қатар “қоғамның саяси жүйесі” деген түсінік те кең орын алды. 
Бұл саланың бүкіл әлемде жан-жақты және терең зерттелуінің нәтижесінде ол 
теориялық деңгейге жетті. “Қоғамның саяси жүйесі” теориясының пайда 
болғанына да көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында 
АҚШ және Канада ғалымдары Габриель Алмонд және Дэвид Истон саясаттану 
ғылымына енгізді. 
Г.Алмонд жөнінде жоғарыда мәлімет келтірілген болса, ал Дэвид Истон 
-
Канада ғалымы, 1917 жылы туылған. Калифорния университетіндегі саяси 
ғылым профессоры, 1968-1969жылдары саяси ғылымның Американдық 
ассоциациясының президенті болған. Саяси саланы зерттеуде бірінші болып 
жүйелік тәсіл енгізді. Қоғамның саяси жүйесі мәселелеріне арналған “Саяси 
жүйе”, “Саяси жүйелерді зерттеу әдістері”, “Саяси өмірді зерттеу жолдары” 
деген еңбектер жазған. 
Габриель Алмонд пен Давид Истонның қағидалары бойынша, қоғамның 
саяси жүйелері төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:
1. Саяси билік (мемлекет және оның барлық құрылымдары)
2. Заңдар, жарғылар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар (құқықтық, моралдық тәртіп пен 
принциптер, өнеге-салт)
3. Азаматтардың өзіндік бірлестіктері (саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен 
қозғалыстар)
4. Қоғамның саяси мәдениеті (саяси білім, құқықтық мәдениет, саяси 
идеология, саяси сана, азаматтардың саяси іс-қимылдары)
Бұл аталғандар саяси жүйенің негізгі элементтері, саяси жүйенің өзі 
емес; саяси жүйе құрайтын осы элементтердің ара-қатынасы. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, әрбір 
қоғамда адамдардың, ұйымдардың өзара қарым-қатынасы бірінен бірі 
туындайтын мынадай буындардан тұрады: 
- ұсынушылар (ұсыныстар, өтініштер); 
- шешімдер (қолдау, қолдамау, заңдар); 
- қорытындысы (іс-қимылдар, іске асырылуы).
Г.Алмонд пен Д.Истон осындай жүйені, буындарды (звенья) қоғамның 
жалпы өмірі бойынша емес, тек саяси тұрғыдан ғана зерттейді. Ал саяси салада 
мұндай жүйе қалай өзгерсе де саяси билікті қалыптастыруға, оны дамытуға 
және пайдалануға жеткізеді, себебі саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал 
мазмұны – билік үшін күрес және билік жүргізу. 
Жоғарыда келтірілген жүйені саяси тұрғыдан талдау үшін әрбір буын 
ретіндегі саяси институттарды қарастырамыз. Мысалы, ұсынушылар ретінде –


96
саяси партиялар, шешімдер ретінде – сайлаушылар, ал қорытындысы ретінде –
парламент қалыптасады. 
Саяси өмірдегі бұл жүйенің іс-қимылы: 
- саяси партиялар өз бағдарламаларын ұсынады, ол бағдарламаларды қолдап, 
немесе қолдамай шешім шығаратын сайлаушылар; 
- сайлаушылардың қолдауымен ұсынылған үміткерлер депутаттар құрамына 
жолдау алып парламент (Мәжіліс) құрылады. Бұл жүйелік іс-қимылдың 
қорытындысы. 
Енді әрі қарай осы жүйені бастаушы болып, яғни ұсынушылардың 
орнына парламент шығады. Яғни, бұл жүйе өрістеуші шеңбер сияқты 
сипатында жүреді (спираль). Парламенттен кейінгі шешімдер орнына шығатын
- заңдар, одан кейінгі буын – қорытынды, яғни заңдарды орындаушылар. Міне, 
бұл жүйе шеңбер тәрізді айналым жағдайында үздіксіз жалғаса береді.
Қоғамның саяси өміріндегі осындай айналым жоғарыда аталған 
элементтердің ара қатынасы қалыптасқан ба, жүйелі ме, немесе – ретсіздік, 
стихиялық жағдайда ма? Міне, қоғамның саяси өмірінің сапалылығы осылар 
арқылы сипатталады. 
Қоғамның саяси жүйесі қаншалықты қалыптастырылған, тұрақты болса, 
қоғамдағы саяси жағдай соншалықты нәтижелі болады. Демократиялық 
елдерде қоғамның саяси жүйесі мемлекеттік билікті қалыптастырады, 
әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы өзара қатынастарды реттейді, 
қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Тұрақтылық жағдайдағы
саяси жүйеде тәжірибе жинақталады. Осы көрсетілген мағынасы бойынша 
қоғамның саяси жүйесі төмендегі қызметтер атқарады: 
1. Қоғамдағы саяси билікті қалыптастыратын жүйені дамыту. 
2. Қоғамдағы саяси қатынастарды реттеу, әлеуметтік топтардың мақсат-
мүдделерін іске асыру үшін саяси жобалар дайындау. 
3. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы тұрақтылыққа қарсы зиянды іс-
әрекеттерден қорғау. 
4. Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру. 
Саяси өмірде қоғамның саяси жүйесін саяси құрылыс деп те түсінушілік 
бар. Бірақ саяси жүйе ол саяси құрылыс емес, себебі саяси құрылыс ол ресми 
бекітілген мемлекетті басқару түрі. Мысалы, республика, конституциялық 
монархия т.с.с., ал саяси жүйе саяси құрылысты қалыптастыратын әдістер.
Саяси құрылыс – ол мақсат, ал саяси жүйе – сол мақсатты іске асыру 
жолдары. 
Саяси жүйенің қызметтеріндегі, әрбір өзгерістердегі негізгі роль
атқарушы -саяси мәдениет (саяси жүйенің 4-ші элементі). Себебі басқарудың, 
ұйымдастырудың сапасы осы жүйенің әрбір буынындағы адамдардың саяси 
мәдениетіне байланысты. Мысалы, парламентке депутат болуға кандидаттарды 
ұсынатын саяси партиялар, әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Ал 
ұсынушылардың саяси мәдениетінің деңгейі қандай, ұсынған адамдары депутат 
болуға лайық па, жоқ па? 


97
Кандидаттарды билікке сайлайтын сайлаушылар, ал бұлардың саяси 
мәдениетінің деңгейі қандай, парламенттің құрамына таңдаулы, қабілетті
азаматтарды келтіре ме, немесе сайлау немқұрайлы өте ме? 
Мемлекеттік билік қалай қалыптасты? Бұл қалыптастырылған биліктің 
сапасы қандай, қолдағы билікті нәтижелі атқаруға саяси мәдениет деңгейі
сәйкес пе? Қалыптасқан билік қоғамның саяси жүйесін дамыта ала ма? 
Міне, осындай көптеген сұрақтардың жауабы саяси жүйенің мәнін, саяси 
өмірдегі орнын және саяси жүйенің мазмұнын анықтайды. 
Қоғамның саяси жүйесі элементтері үздіксіз дамып отырады және олар 
бір-бірімен тығыз байланыста болады. Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық 
салаларының дамуына бағыт беріп, оларға ықпал етеді, қоғам алдындағы 
мақсаттарды айқындайды. 
Қоғамның саяси жүйесіндегі мұндай айналымның көрінісі тек ғана қоғам
мемлекет, парламент көлемінде емес, бұл айналым әрбір мекеме, ұжымның 
дағдылы өміріне тән, себебі әрбір ұжымның күнделікті өмірі де ұсыныстардан, 
шешімдерден және олардың іске асырылуынан, яғни, өтініштер мен қолдау-
қолдамаудан тұрады. 
Саяси айналымға жоғарыда келтірілген қоғам жүйесінің барлық 
элементтері қатысады. Ал саяси мәдениет бұл буындардың өзара байланысына 
ықпал етіп, сапасы мен даму деңгейін айқындап отырады. Сол себепті бір 
қоғамның саяси жүйесі екінші қоғамның саяси жүйесіне ұқсас болмайды, әр 
қоғамның саяси жүйесі өз даму деңгейіне сәйкес қалыптасады. 
Сонымен, саяси жүйе дегеніміз - билік пен басқару құрамын 
қалыптастыру арқылы өз мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның 
саяси субъектілері арасындағы біртұтас, тұрақты қарым-қатынастар жиынтығы. 
2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе 
теориясының өзекті мәселелері
Қоғамның саяси жүйесі туралы теорияның тағы бір маңызды мәселесі –
саяси жүйелердің жіктелуі. Дүние жүзінде саяси жүйелер әртүрлі болып 
кездеседі, жоғарыда айтылғандай, әрбір қоғамның саяси жүйесі өзіне ғана тән. 
Сол себептен саяси жүйелердің белгілерін топтастырып, жіктеп қарау оңай 
емес. Дегенмен, олардың өзара айырмашылықтарына қарамастан саяси 
ғылымда қоғамның саяси жүйелерін жіктеу әдістері қалыптаса бастады. 
Саясаттану саласындағы ғалымдардың көпшілігі саяси жүйені жіктеуді 
мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатысушылардың санымен анықтайды. 
Билікті қалыптастыруға халықтың 50 процентінен көбі қатысса, онда 
саяси жүйе демократиялық құндылықтарға негізделген, егер 50 проценттен азы 
билікті қалыптастырар болса, онда саяси жүйе демократиялық құндылықтарға 
негізделмеген болып саналады. 
Сонымен, сайып келгенде, қоғамның саяси жүйелері негізінен екі топқа 
бөлінеді: демократиялық құндылықтарға негізделген және демократиялық 
құндылықтарға негізделмеген болып. 


98
Ал, Г.Алмонд саяси жүйелерді бұдан басқа да бірнеше түрлерге бөледі. 
Түрлерге жіктеуде ол саяси жүйенің әрбір элементінің дербестігін, тәуелсіздігін 
негізге алады. Ал саяси жүйенің әрбір элементінің тәуелсіздігі осы жүйедегі 
әрбір элементтің саяси мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыда Г.Алмонд 
қоғамның саяси жүйесін төрт түрге бөледі, олар: ағылшын – американдық, 
континенталды – европалық, жетілмеген индустриалдық және тоталитарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет