Саясаттану



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата22.11.2023
өлшемі1.27 Mb.
#484089
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Снимок экрана 2023—09—07 в 09.37.40

Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту 
және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы 
идеология. 
Консерватизм 
идеологиясы 
бойынша 
бұрынғы 
және 
қазіргі
құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не 
себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, 
дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? 
Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, 
тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи 
зердесіз халық - қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ 
дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, 
адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, 


108
ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге 
табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін. 
Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, 
ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады. 
Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп 
соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен 
тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы 
Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол бостандыққа 
тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары.
Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ 
ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия 
принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын 
мойындауға тура келді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік 
қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене түсті. Бұның бәрі 
неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына 
айналды.
Неоконсервативтіктер консервативтіктермен салыстырғанда дәстүр 
ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік 
нәтижелі бағыт деп есептейді.
Неоконсерватизм 
идеологиясының 
негізгі 
мақсаты 
– 
саяси, 
экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына 
әсер ету. 
Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси 
қайраткерлер қатысты. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында 
неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк
Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл 
идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы 
Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы 
премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут 
Коль және т.б. 
Консерватизм мен неоконсерватизмнің идеология ретіндегі маңызды 
нәтижесі - Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы консервативтік партия 
өкілдерінің мемлекеттік билік басына келуі болатын. 
Келесі саяси идеология – марксизм идеологиясы. Марксизм дегеніміз 
қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм 
және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы 
идеология. 
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы 
К.Маркстың(1818-1883) идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда 
әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер - қарапайым жұмысшыларға, 
шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның 
арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын 
алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында 
отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да –


109
бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға 
алмайды». 
«Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы 
қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып 
беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды 
жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып, 
меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін 
коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін 
адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс. 
Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға 
айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ -Ресейдегі 
1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар 
партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен 
осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік 
(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеология 70 
жыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке 
меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға 
идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік 
тарихи сабақ болып саналады. 
К.Маркстің ең үлкен қателігі – «капитализмнің өзін-өзі дамытуға 
мүмкіншілігі жоқ» - деген қағидасы болатын. 
Бұған қарсы Еуропаның батыс елдерінде, соның ішінде әсіресе 
Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер 
енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымда 
реформизм болып аталады. Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму
реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы 
тұрақтылықты сақтау идеологиясы. 
Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа 
және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция 
идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды. 
Реформистік идеологияның негізін қалаушы - неміс саяси қайраткері 
Эдуард Бернштейн(1850-1932). Бұл саясатшы реформизм туралы идеяларын 
“Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты” деген 
еңбегінде ұсынады. Э.Бернштейннің реформизм идеологиясына келу жолы 
қиын да күрделі болатын. Ол өзі саясат жолын марксизмнен бастаған еді. 
Марксшыл Ф.Энгельстің серігі болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған 
социал-демократиялық жұмысшылар партиясының жетекшілер құрамында 
болды. Марксистік идеяларды таратқаны үшін Э.Бернштейн өз елінен жер 
аударылып біраз жылдар Швейцария, Англияда тұрады. Әсіресе Англияда 
болған уақытында Э.Бернштейн либерализм идеологиясымен терең танысады. 
Соның әсерінен саясатшының марксистік көзқарасы күрт өзгеріп, жоқшылық 
мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар екенін байқады. Э.Бернштейн 
өзінің кейінгі жаңа көзқарасында кедейлердің, жұмысшылар мен шаруалардың 
әлеуметтік жағдайын тек революция, социализм жолы арқылы ғана емес, оны 
реформалар арқылы да шешуге болатынын дәлелдейді. «Таптық, саяси теңдік 


110
орнату жолы міндетті түрде капитализмді құлату емес, себебі капитализмнің 
реформалар арқылы кедейшілікпен күресуге мүмкіншіліктері толығымен бар, 
кедейлердің жағдайын жақсартам деп байларды құртып жіберу – ол да 
әділетсіздіктің бір түрі» деп қорытындылайды. Ол «дұрысы буржуазиялық 
тапқа қарсы күресу емес, қоғамдағы кедейшілікті азайту үшін күресуі керек» -
деген қағиданы таратты. Яғни, Э.Бернштейн марксистік идеологиядан бас 
тартып реформизм идеологиясын берік ұстаным етті. 
Э.Бернштейн өз еліне, Германияға қайтып келгеннен кейін, Германия 
социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (ГСДЖ) ыдырап, үш топқа 
бөлініп кетті. Э.Бернштейн енді тек ғана реформизм көзқарасын қолдайтын 
топтың жетекшісі болды. Кейін осы реформистік идеяға сүйенген социал-
демократиялық партиялар Еуропа елдеріндегі реформизм идеологиясының 
дамытушысы, халыққа таратушысы болды.
Сонымен, біз әлемде кең тараған идеологиялардың негізгі түрлерін 
қарастырдық. Идеология қоғам өміріндегі зор қозғаушы күш екені ақиқат. 
Сондықтан идеологияны тудыратын себептерге аса мұқияттылықпен қарап, 
идеологияны таңдай білу жоғары білімді, аса жауапкершілікті қажет етеді. 
Негізінен жалпықоғамдық идеологияның көзі халық болуға тиіс екенін есте 
ұстау керек. 
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы 
айқын. Себебі мемлекеттің саясаты, оның даму жолдары идеологияға 
негізделеді. Идеологияның қызметі – мемлекеттілікке демеуші, саяси 
құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес. 
Бірақ кеңес өкіметі кезінде, әсіресе 1980шы жылдардан бастап, 
“идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып 
халық арасында оны салқын қабылдау күшейді. 
Бұның себебі қазір түсінікті де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл 
халыққа күштеп міндеттеген қоғам емес, тіпті мемлекет те емес, ол 
демократияға негізделмеген биліктегі адамдардың шағын ғана тобы –
коммунистік партия болатын. Бұл марксистік-лениндік деп аталған идеология 
қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана 
бір идеологияны мойындауға мәжбүр болды. Қоғамда идеологиялық 
шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының 
«біз идеологияға тойдық ғой” деп айтулары әбден түсінікті болатын.
Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру 
туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам 
құру қажет деген түсінік қалыптасты. 
Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті 
теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан 
арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы 
мына анықтамадан білінеді: Деидеологизация (идеологиясыздандыру) 
дегеніміз - идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық 


111
прогресті идеологиядан тазартуға ұмтылу. Яғни, ғылым – идеологиядан 
тәуелсіз болуы қажет. Қоғамның дамуы идеологияның қысымына түсіп 
қалмауы, елдің дамуын тек ғана ұлттық мақсатты ұстанып, басқа елдердің 
дамуынан оқшауландырмау, әртүрлілікке, көппікірлікке бақылау қойып кедергі 
жасамауы керек. Әсіресе ғылым идеологияның қызметшісіне айналмауы тиіс. 
Идеологиясыздандыру 
тұжырымдамасының 
негізін 
салушылар: 
саясаттанушы француз ғалымы А.Раймон, американ ғалымы П.Талкотт, неміс 
ғалымы К.Манхейм және т.б. 
Мысалы, К.Манхейм: «идеологиясыздандыру –қоғамдағы партиялық, 
топтық үстемдіктің болмауын мақсат ететін әлеуметтік-философиялық ілім, ал 
қоғамдық, мемлекеттік идеологияның болмауын мақсат ету – ол қателік» десе, 
белгілі орыс философы Н.Бердяевтың айтуы бойынша: “Қоғамда идеология 
құлатылған кезде, утопия шабуыл жасайды”, яғни, халық өзіндік болмысынан, 
ерекшелігінен, ұлттық мәдениетінен, рухани құндылықтарынан айырыла 
бастайды, қоғамның даму бағыты күйреп, дағдарыс күшейеді. 
Өтпелі кезеңді басынан кешірген біздің елімізге бұл жағдай жақсы 
белгілі. Кеңес Одағы ыдырап,тоталитарлық тәртіптен демократиялық режимге 
ауысудың басталуы кезеңінде бағыт беруші рухани нысананың күрт жойылуы 
себебінен адамдар рухани және әлеуметтік адасу мен абыржу жағдайына түсті. 
Қоғамда өнегеліліктің деңгейі төмендеп, қылмыскерлік, жемқорлық, 
коррупция, көлеңкелі кәсіп, нашақорлық кең орын ала бастады. Бұндай келеңсіз 
құбылыстардың ізі бүгінгі күнге дейін сезінілуде. 
Ал бүгінгі күні біздің мемлекеттік идеологиямыз арқылы Қазақстанда 
тұрақтылық, тыныштық, халықтардың бірлігі сақталып, алғашқы тәуелсіздік 
жылдарының ауыртпалықтарына қарамастан демократиялық бағыттағы 
экономикалық, әлеуметтік даму қамтамасыз етілуде. 
Себебі, біздің елімізде халықтарды топтастыратын, тұтастыратын 
нәтижелі мемлекеттік идеология қалыптасты. Ең бастысы - Қазақстан 
Республикасы экономикалық құлдырауды тоқтатып, аса ауыр әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстан шығу жолын тапты, өтпелі экономика 
реформаларының “ең бір аурушаң сатысынан” өтті. Бұл мемлекеттік ұлы істе 
идеологияның тікелей әсері бар екені ешбір күмән туғызбайды. 
Мемлекет үшін идеология - әлеуметтік-саяси бағдарламалар мен 
мақсаттарды іске асырудағы басқару жүйесі. Идеология мемлекеттік саясатқа 
негіз болады. Ал мемлекеттің саясатын, мақсаттарын қоғамға жеткізетін заңдар, 
жарлықтар, нұсқаулар. Бұл жүйедегі маңызды роль атқаратын бұқаралық 
ақпарат құралдары болып табылады. 
Сонымен, идеология мемлекеттілікті демеуші жүйе. Ол елдің саяси 
құрылысының қорғаушысы, одақтасы, буыны, (биологиялық тілмен айтар 
болсақ), идеология – мемлекеттің сырқаттан сақтануының баламасы. Идеология 
басқа да принциптер мен нормалар сияқты саяси-мемлекеттік құрылымды 
қолдау мен нығайту қызметін атқарады. 
Мемлекеттік идеологияның халық арасында толық қолдаушылық табуы, 
мемлекеттің өзінің заңды, легитимді (яғни, демократиялық) болуына 


112
байланысты. Егер мемлекетті қалыптастырушы шын мәнінде халықтың өзі 
болатын болса, халық мемлекеттік идеологияны өз мақсатындай қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет