Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет18/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Лекция жинағы

Тілдің кұрылымдық және қызметтік, функциялық дамуы. Тілдің дыбыстық жүйесі мен 
грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын жетілістер, дамулар құрылымдық даму деп 
аталады. Сонымен бірге, тіл дамуы деген ұғымға оның қоғамда атқаратын қызметінің ұлғаюы, 
кеңеюі де енеді. Дамудың бұл түрі функционалдық даму деп аталады. 
Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл дамуының өзіндік завдылығы бар, оның өзгеріске 
ұшырауына себепші, түрткі болатын жағдайлар болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны 
қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі 
даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ бұл екеуі бір-
бірімен тығыз байланысты. 
Тілдің дамуындағы жалпы заңдылыққа төмендегілер жатады: 
1. Тіл бірте-бірте, эволюциялық жолмен дамиды. 
2. Тілдік қабаттарының барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға, өмір талабына 
сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды. 3. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып тұрған 
жағдайда әрқашан да даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бұрынғы, тарихтан 
кейінгі деп екі кезеңге (неміс ғалымы А.Шлейхер, 19 ғ.) немесе әр түрлі сатыға бөлу дұрыс емес. 
4. Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, 
әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, 
дүмпу, ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды. Тілге енетін жаңалық топтанып, 
түйдектеніп, бірден енбейді, мысқалдап, біртіндеп келіп сіңіседі 
5. Тілдің даму қарқыны, шындалып жетілу дәрежесі қоғам дамуының түрлі кезендерінде түрліше 
болады. Оның кейбір кезендерінде тіл мардымды өзгеріске ұшырамайтын болса, екінші бір 
дәуірлерінде тез қарқынмен дамиды. Қоғам өмірінде айтарлықтай күрделі өзгерістер, қарқынды 
дамулар болмаған дәуірлерде тілдің дамуы да баяу болмақ. Керісінше, қоғам өмірінде ұлы 
өзгерістер, жаңа бет бұрыстар, қарқынды дамулар болған дәуірде тіл дамуы да қарқынды, өнімді 
болмақ. Бұған, өзгені былай қойғанда, Кеңес одағындағы әр түрлі халықтар тілдерінің, олардың 
ішінде қазақ тілінің де Қазан революциясы жеңгеннен кейінгі даму дәрежесі дәлел.
6. Тілдің қай-қайсысында да оның құрылымдық элементтерін абстракциялап қолдану заңы бар. 
Бұл заң бойынша, тілдегі бір кездегі деректі элемент барған сайын дерексізденеді, бір кездердегі 
толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөздерге айналады, сөздер 
бастапқы, негізгі мағыналары үстіне келтірінді, а уыспалы мағыналар үстеп, семантикалық 
жағынан дамиды т.б. 
7. Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ зандылық — дифференциация заңы. Ежелгі замандар 
тілінде тілдік элементтер қазіргідей сараланбаған, дыбыстау, сөйлеу диффузды болған. Көрнекті 


ғалымдардың болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда болуының бастапқы кезеңінде қазіргі 
түсінігіміздей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы 
да сөйлеудің бастапқы диффузды (элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны 
жеке элементтерге бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған. Сөздердің әр түрлі таптарға 
бөлінуі, сөйлем түрлерінің көбеюі сияқтылар тілдік тұлғаларды бір-бірінен жекелеу, даралау 
талабынан туғандар. Бұл екі тәсіл — абстракциялау мен дифференциялау тәсілдері тілдер дамуында 
жарыса жүріп отырған процестер. 
8. Тіл дамуында дифференциялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау (топтау, 
біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы 
тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі тұлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз 
тіркестерін, бұлардың тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары әр түрлі сөздерді 
белгілі бір ғана сөз табы етіп топтау - интеграция принципіне негізделеді. 
Интеграция принципіне негізделген заңдылықтың бірі-синкретизм. Синкретизм (грекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет