Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Лекция жинағы

сығала), -ы-і жұрнағы арқылы (таны, жаны (пышакты), -қа-ке жұрнағы арқылы (иіске, таңырқа), 
-қар-кер жұрнағы арқылы (атқар, ескер), -ын-ін жұрнағы арқылы (жуын, киін), -сын-сін жұрнағы 
арқылы (тепсін, менсін, паңсын) т.б. Әр түрлі формадағы осы етістіктердің бәріне де бұйрық 
мағынасы тән. Осы мағына арқылы әр түрлі тұлғадағы етістіктердің басы бірігіп, бұйрық рай 
категориясы жасалып тұр. 
Сөйтіп, грамматикалық категорияның қалыптасуы грамматикалық тұлға және грамматикалық 
мағынамен тікелей байланысты екенін көрдік. Бұлар кез келген тілдің грамматиалық сипатын 
білдіретін ең негізгі ұғымдар. Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі 
құранды бөліктері болып табылатын грамматикалық тұлға мен грамматикалық мағынаның 
табиғатын білген жөн.
Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, 
үлгісін білдіретін тілдік белгі. Грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық тұлғалар 
суффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флексия"), қайталау, көмекші сөздер, 
сөздердің орын тәртібі, интонация, екпін т.б. арқылы көрінеді.. 
Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз 
тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына. Морфология 
саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын, сөз тұлғалары мен сөз тобының жеке 
мағыналары болсын, морфологиялық категориялар деңгейіне сай бір-бірінен өзгеше болып келеді. 
Синтаксис саласында грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ақ сөз тіркестері мен 
сөйлем компоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан 
көрінеді. Грамматикалық мағына сөзге немесе сөздердің белгілі бір топтарына ғана тән дерексіздігі 
әлсіз, лексикалық мағыналардан өзгеше. 
Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заттар мен құбылыстардың және олардың өзара 
байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі арқылы қалыптасады. 
Тілдерде грамматикалық категориялардың мөлшері біркелкі емес. Мысалы, орыс тіліндегі вид, 
род категориялары қазақ тілінде жоқ. Грамматикалық категориялар үғымына байланысты әлем 
тілдері бір-бірінен: 1) грамматикалық категориялардың саны мен құрамына қарай, 2) белгілі бір 
грамматикалық категорияның әр түрлі құрамда кездесуіне қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс 
тілінде — 6, қазақ тілінде - 7, эстон тілінде - 14), 3) грамматикалық категориялардың сөз таптарына 
қатысына қарай жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет