Бірақ салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен оның зерттеу әдісі – салыстырмалы-тарихи әдіс
тепе-тең емес. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі – туыстас тілдерді зерттейтін,
туыстық
жақындықтарына қарай оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған
аймақтарын айқындайтын ғылым. Бұл ғылым мен ол қолданатын әдістің проблемалары бір
емес. Алдыңғысының өрісі әдіске қарағанда әлдеқайда кең.
Тіл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға сай келмейтін осындай
олқылықтар зерттеудің жаңа амал тәсілдеріне көшуге мәжбүр етті. Бірақ бұдан
салыстырмалы-тарихи әдіс қолданудан біржола шығып қалған,
қажетсіз тәсіл екен деп
ойлауға болмайды. Ол – тіл білімінің даму тарихында елеулі рөл атқарған, орынды
пайдалана білсе, әлі де берері көп, қазір де зерттеудің басты бір тәсілі ретінде қолданылып
жүрген әдіс.19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын
жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік
нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі
тіл философиясының алға
қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен
қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл
мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель,
Гумбольдт, Шлейхер,
Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі
заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1761-1835) болды. Тіл ғылымы
тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының
негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі
болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: