психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және
бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың,
мектептердің
басын біріктірді.
Лингвистикалық психологизм өз ішінде қайшылықтары, алалықтары жоқ,
біртұтас
көзқарас емес. Бұлардың басын біріктіретін, ортақ концепция бар. Ол – тіл мәселелерін
шешуде психологиялық қағидаларды басшылыққа алу. Тіл – психологиялық бақылаудың
нысаны, оның мақсаты – тіл біліміндегі
логикалық көзқарастарды сынау, тілдік
категориялар мен логикалық категориялар арасында қайшылықтар көп,
сондықтан тіл
мәселелерін зерттеуде логика заңына сүйенуге қарсы шығу. Психологиялық бағыттағылар
өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа
жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: