Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет31/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Лекция жинағы

Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан 
лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас 
грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда 
қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано 
Бонфанте (1904ж.), В.Пизани (1899ж.) т.б. 
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген 
еңбектер жазды. 
Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні 
барлығын мойындаудан туған.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), 
Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист 
(1902). 
Мектептің социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, 
натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек 
адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады. 


Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы. Париж, кейін Женева 
университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф.де 
Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. 
Ф.де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік 
концепцияларын танытатын еңбегі – «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл 
еңбек Ф.де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916-жылы басылып шықты. 
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933-жылы орыс тіліне 
аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке 
проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ. 
1977жылы Ф.де Соссюр еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен 2-рет орыс 
тілінде жарияланды. 
Ф.де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа 
бөлеген бұл еңбегі кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы 
принциптер», 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі «Диахрондық лингвистика», 
4-бөлімі «Географиялық лингвистика», 5-бөлімі «Ретроспективтік лингвистика мәселелері» 
деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді. 
Ф.де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның 
принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы 
теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906-1912 жылдар арасында, ол бағытынан 
қол үзген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет