Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Лекция жинағы

Структуралық тіл білімі. 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік
мектептердің ең көрнекті және кең тарағандардың бірі – структуралық тіл білімі деп
аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас
грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасады . 
Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – 
сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа
бағыт. 19 ғасыр ғылымының негізгі сипатыы тәжірбие арқылы бақылаудан туған
фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін , ішкі
заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын 
элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін
ашуға тырысады . 
Структурализм бірден пайда болған жоқ . Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт, Ф 
.де Соссюр, И . А .Бодуен де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз
зерттеулерінде осы ғалымдардың әсіресе Ф . де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді. 
Структуралдық бағыттың көпшілік танылған үш мектебі болды: Прага 
(Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп 
(Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады . 
Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926
жылы қалыптасқан .Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882-
1945 ). Үйірме құрамында Б. Гавранек, Б.Трнка, В. Скаличка, орыс эмигранттары С. 
Карцевский, Р. Якобсон, Н. Трубецкой т.б. болған. 
Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері»деген
жинақ шығарып тұрды . Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага
лингвистикалық үиірмесінің тезисі»деген атпен осы жинақтың бірінші томында
жарияланды. 
Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің құрылым жүйесі мен тілдік
элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет