Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет36/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Лекция жинағы

МетодологияМетодология — гректің екі сөзінің бірігуінен жасалған. Ғылымды зерттеу 
принциптері туралы ілім. Методология — теориялық ойлаудың философиялық негізі. 
Методология — дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып-
білудің жолы, философиялық принципі. Орыс тіліндегі үлкен энциклопедиялық сөздікте 
"Әдіс — болмысты түсіндірудің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды 
танып-білудің, зерттеудің тәсілі" деген анықтама бар. Бұл — әдіске жалпы ғылымдық, 
философиялық тұрғыдан, яғни методология деген тұрғыдан берілген анықтама. Бірсыпыра 
ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір-бірімен шатастырмау үшін және әдіс деген 
терминді моносемиялы ету үшін, оның жоғарыда айтылғандай жалпы ғылымдық, 
философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді.
Лингвистикалық әдіс, олардың түрлері. Лингвистикалық әдіс деп тіл білімінде 
қолданылатын зерттеу әдістерін айтады. Қейбір әдебиеттерде лингвистикалық методтарды 
бір сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық метод деп атаушылық та бар. Әлем 
лингвистикасында болсын, совет лингвистикасында болсын методтың түрін айқындауда, 
оны жіктеуде бірізділік жоқ. Біраз әдебиеттерде методикаға жатқызуға тиісті тәсілдерді де 
метод құрамына енгізіп, метод санын мейлінше көбейтсе, екінші біреулерінде жеке метод 
ретінде қарауға тиісті әдістерді бір-біріне қосып, өзара топтап екеу-үшеу етіп қана 
көрсетеді. Мысалы, С. Ахманова кұрастырған «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» 
метод саны 15—16-ға жеткізілсе, 1973 жылы жарияланған «Общее языкознание» атты 
еңбектің үшінші томында салыстырмалы-тарихи, лингвогеографиялық, құрылымдық
типологиялық деп төрт түрге ғана бөледі. Сондай-ақ, Б. Н. Головин 1973 жылы шыққан 


«Введение в языкознание» деп аталатын оқу құралында методты сипаттама, 
салыстырмалы-тарихи, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық, стилистикалық, сандық, 
автоматикалық талдау методтары деп сегіз түрге бөлсе, В. И. Кодуховтың 1974 жылы 
басылған «Общее языкознание» атты оқулығында методты зерттеудің негізгі бағытына 
қарай 
топтауды 
жөн 
көріп 
оны сипаттама, 
салыстырмалы, 
нормативті-
стилистикалық метод — аспект деп үш түрге бөледі де, құрылымдық методты сипаттама 
метод құрамында, салыстырмалы-тарихи, тарихи, салыстырмалы деп аталатын методтарды 
салыстырмалы методтың салалары ретінде қараған. Ал енді, О. С. Ахманова, Б. Н. Головин 
еңбектерінде метод ретінде қаралған басқа түрлерін В. И. Кодухов сипаттама методқа тән 
тәсілдер методикалар деп санаған. 
Мұндай ала-құлалық, біріншіден метод деген терминді кең мағынада, методика мен 
методология мағынасында да, қолданудан туса, екіншіден, бір-біріне белгілі жақындығы, 
ұқсастығы бар методтарды біріктіріп, бір ғана атаумен беруге тырысудан туған. Бұлар өзіне 
лайықты орында кейініректе сөз болады. Қазіргі заман тіл білімінде лингвистикалық әдістің 
көпшілікке танылған, зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрлері бар. 
Олар: Сипаттама, 
салыстырмалы 

тарихи, 
салыстырмалы, 
құрылымдық, 
математикалық әдістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет