Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Лекция жинағы

Құрылымдық лингвистика түгелдей дерлік осы сипаттама әдіске сүйенеді, соны 
қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісті осы сипаттама әдістің жаңарған, 
жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістің құрамында қарайды, екеуін 
біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Бұлай қарау негізсіз де емес. 
Өйткені сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, 
статикалық жүйесін зерттейді. Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу 
тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан болсын бұл екеуі арасында бірсыпыра өзгешеліктер 
де бар. Оны байқау үшін қалыптасу кезеңінің кейіндігіне қарамастан құрылымдық әдісті де 
осы тақырыпқа жалғастыра қарап, екі әдіс арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді ашқан 
жөн. 
Құрылымдық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап 
колданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан 
қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Мұны тілді зерттеуге алғаш 
қолданушылар — Чехословакия мен Дания лингвистері құрылымдық әдіс бұл күнде дүние 
жүзіне кең тарап, лингвистикалық ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе 
структурализм деп те аталып жүр. Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі 
бар. Әдісті қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-
бірі тәуелді бөлшектерден кұралған біртұтас, бірбүтін құрылым, лингвистиканың міндеті 
— тіл құрылымын зерттеу. Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын әдіс — құрылымдық 
әдіс дейді. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің 
құрылымын зерттеу— тіл білімінің бірден-бір міндеті деп санайтындар — структуралистер 
деп аталады. Тілдің құрылымын зерттеу лингвистика тарихында структурализмге дейін де 
болған, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден, яғни XIX ғасыр 
лингвистерінен, өзгешеліктері соңғылардың тілдің құрылымын зерттеуінде емес, соны 
зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында. Құрылымдық әдіс барлық елде, барлық 
жерде бірыңғай, бір мақсатта ғана қолданылмайды. Бұл әдісті қолданушылар арасында 
қайшылықтар да, ала-құлалықтар да жеткілікті. Құрылымдық әдіс совет тіл білімінде де 
қолданылып келді, колданылып та жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет