Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Лекция жинағы

Лекция мазмұны: Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Сөйлеу тілі 
сан-салалы, өте күрделі құбылыс. Тіл адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын 
болғандықтан, ол жеке адамдардың сөйлеу әрекетімен, ой-санамен, қоғаммен тығыз байланысты. 
Қазақ тіл деген сөзді екі мағынада түсінеді. Біріншісі – анатомиялық атау және сөйлеу, дыбыстау 
мағынасында қолданады. Тіл білімінде бұл сөз соңғы мағынада жұмсалады.
Дыбыс тілі дегеніміз не? деген сұрауға тіл білімі тарихында берілген жауап көп. Оған анықтама 
бергенде біреулер тілге тән белгілерінің бірін басшылыққа алса, енді біреулер екіншісін 
басшылыққа алады. Оның үстіне анықтама беруде тілдің қандай белгісін басшылыққа алу – 


анықтама берушілердің философиялық көзқарастарына, тілдің өзіндік мәнін түсіндірулеріне де 
байланысты. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі лингвистикалық мектептердің, әр түрлі 
көзқарастағы ғалымдардың тілге анықтамалары көп жағдайда бір-бірімен өте жақын, ұқсас бола 
тұра сол анықтамалардың мәнін талдап ашқан шақта, бір-бірінен мейлінше алшақтап кететіні де 
бар.
Тілдік теорияны қалыптастыруда тілге берілген анықтаманың шешуші мәні бар. Тілдің 
табиғатын, мәнін айқындау – көп жағдайда соған да байланысты. 
Дыбыс тілін анықтауда оған – тіл дегеніміз не? деген бір сұрау қою да, бұл сұрауға бір сөйлеммен 
жауап беруді талап ету де дұрыс бола қоймайды. Өйткені дыбыс тілінің өзіндік сипаттары бір 
сұраудың да, бір сөйлемнен құралған анықтаманың да шеңберіне сыймайды. Әңгіменің түйіні 
дыбыс тілінің несін, қай сипатын айқындағымыз келетіндігінде. Осыған байланысты анықтамалар 
саны екі жүзге жақындайтыны туралы деректер бар. Осы анықтамалардың ең негізгісі – адам 
қатынасының аса маңызды құралы дейтін жалпы анықтама. Бұл анықтамада тілдің коммуникативтік 
қызметі де, экспрессивтік қызметі де ескерілген. Тілдің бұл екі қызметі тығыз бірлікте, бірінсіз бірі 
жоқ.
Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, 
жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі 
экспрессивтік деп аталады. 
Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы 
негізгі қызметке тәуелді. Тілдің ең кіші бөлшегі фонемадан бастап, ең күрделісі сөйлемге дейінгі 
барлық элементтері де бір ғана қажеттіктен, қатынас жасау қажетінен туған және осы мақсатқа 
қызмет ету процесінде бірте-бірте жетіліп, жаңарып отырған. Тілдің мән-мағынасы, қасиеті, өзіндік 
сипаты – оның коммуникативтік қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғам өмірімен қарым-қатысын да, 
өзіндік даму заңдылығын да оның осы қызметінен іздеу керек. Егер тіл адамдар арасында қатынас 
құралы қызметін атқарып тұрса, ол тірі тіл делінеді де, осындай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп 
аталады.
Тілге оның сипатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалар ішінде тілді таңбалар 
жүйесі, семиотикалық жүйе дейтін анықтама да бар. Тұтас алғанда тіл таңбалар жүйесі, 
семиотикалық жүйе емес, өйткені семиотикалық таңбалар – бір жақты, тек материалдық қана белгі. 
Ал, тілдік тұлғалар екі жақты: материалдық көрсеткіш пен мағына бірлігінен тұрады. Сондықтан ол 
семиотикалық таңбалардан бөлек, онда тек таңбалық кейбір сипат қана бар. 
Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі – қоғамдық сананы білдіретіндігі. 
Қоғамдық сананы қоғамға қызмет ететін басқа құбылыстар да белгілі белгілі шамада көрсетуі 
мүмкін. Бірақ олардың бірде-бірі оны дәл тілдей толық, жан-жақты көрсете алмайды. 
Тіл қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгеріс – құбылыстар, белгілі 
мөлшерде тілге де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады. Тіл негізінен алғанда, өзінің 
объективтік заңы бойынша дамиды, бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен, өзін қолданушы 
қауымның өмірімен тығыз байланысты, көп жағдайда соған тәуелді болады. Тілдің қоғамдық 
құбылысқа тәуелдігі басқа қоғамдық құбылыстардай, мысалы, қоғамдық базис пен қондырмадай 
емес, соңғы екеуі өздері өмір сүріп тұрған әлеуметтік құбылыстың жойылуымен бірге жойылып 
отырса, тілде ондай кенет өзгеріс болмайды. Тіл алдыңғы қоғамға да, оның орнына келген жаңа 
қоғамдық құрылысқа бірдей қызмет етеді. Оның себебі тіл базис пен қондырма сияқты таптық 
болмайды, оны белгілі бір тап жасамайды, ол адамдардың бүкіл даму тарихы бойында, сол тілде 
сөйлеп жүрген барлық ұрпақтардың күшімен жасалып, бірте-бірте жетіліп отырады. Бұл - тілдің 
басқа қоғамдық құбылыстардан тағы бір іргелі өзгешелігі.
Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі-қоғамдық сананы білдіруі. Қоғамдық сананы 
қоғамға қызмет ететін басқа құбылыстар да белгілі шамада көрсетуі мүмкін. Бірақ олардың бірде-
бірі оны дәл тілдей толық, жан-жақты көрсете алмайды.
Сонымен тілдің ең басты қызметі қатынас құралы болуы. Тіл мен қоғамның арасындағы 
байланыс екі жақты болады. Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде 
адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі мүмкін емес. Өйткені тіл қоғамның өмір сүруінің басты 
шарты. Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ. Сондай-ақ тіл 
ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың құралы Тілдің атауыштық қызметі, дүние танымдық қызметі, 
экспрессивтік-эмоциональдік қызметтері де жоғарыда аталған қызметтермен парапар.
Дыбыс тілінде бір ғана ғылымның, оның әдіс-тәсілдерінің шеңберіне сыймайтын ғылымдар 
аралық мәселелер аз емес. Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, физиологиялық, 
философиялық сипаттар да орасан мол. Сондықтан тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, 


табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты. 
Бірақ бұл ғылымдардың ешқайсысы да тіл білімі сияқты тілге тән мәселелрді тегіс қамтып, жан-
жақты зерттемейді, тек өздеріне тиісті мәселені ғана алып, өз мүддесі тұрғысында сөз етеді. Бұған 
көз жеткізу үшін басқа ғылымдардың тіл білімімен байланысты жайына тоқталайық. 
Тіл білімі басқа ғылымдармен байланысты дамиды.Тіл білімі, бірінші кезекте, әдебиетпен 
байланысты. Өйткені «тіл - әдебиеттің бірінші элементі». Әдеби шығарма лингвистер үшін өте 
құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі 
ғылымдардың әдіснамасы (методологиясы) болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық 
құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі 
барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік 
құбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. Ал қоғам 
мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.
Философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда форма мен мазмұн бар, олар өзара 
байланыста, бірлікте болады, - деп үйретеді. Мазмұн өмір сүру үшін, белгілі бір формаға ие болуы 
керек. Яғни форма - өмір сүрудің шарты. Тіл де – дәл осындай құбылыс. Тілдегі формалардың да 
(сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалардың) мағына, мазмұны бар. Олар да бір-
бірімен тығыз байланысты.
Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Көпшілікке белгілі, логика – ойлау заңдары мен ой 
формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы іске асады, тіл арқылы жарыққа шығады. 
Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті болады. 
Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім 
мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей 
қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас 
жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді. 
Адам сөз арқылы белгілі бір затты атап қана қоймайды, сонымен бірге, сол затқа (іске, 
құбылысқа) өзінің қатынасы мен оған қалай қарайтындығын да білдіреді. Яғни тіл ойды білдірудің 
ғана құралы емес, сезімді де білдірудің құралы. Мысалы; жаман, жексұрын, сұмпайы, сұмырай 
немесе құмар, іңкәр, ынтазар т.б. Бұл сөздер (синонимдер) бір-бірінен эмоциялық бояуы жағынан 
ажыратылады. 
Сөйлеу процесіне жоғары нерв жүйесі де қатысады, яғни сөйлеу жоғары нерв жүйесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет