Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет40/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Лекция жинағы

Типологиялық зерттеу.  Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс
типологиялық әдіс, типологиялық лингвистика деп түрліше аталады. 
Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, зерттеудің бір әдісі ретінде қалыптасуы XIX 
ғасырдың бас кезі болғанымен XVI—XVII ғасырларда басталған көп тілді салыстырмалы 
сөздіктер жасау, рационалды грамматикалар жазу — осы әдістің алғашқы әліппелері. 
Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу — 
салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың объектісінде де, көздейтін түпкі 
мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-
бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады. Екіншіден, 
салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес жүйе құрылымы 
салыстырылады. Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстастығын ашу 
көзделмейді, салыстырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік сипаттарын 
айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық 
зерттеудің алға қоятын мақсаты — барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ 
универсалды, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп аталуы да осыдан. 
Типологиялық әдіс тек тілдерді жіктеуге ғана қолданылмайды, сонымен бірге, 
салыстырмалы сөздіктер жасауда да, шет тілді оқытуда да кең қолданылады. 
Эксперименттік әдістемені кейде аспапты әдістеме деп те атайды, ол тілдің фонетика 
саласын зерттеуде жиі пайдаланылады. Оның аспаптары қатарына магнитофонды
кимограф пен осциллографты т.б. жатқызуға болады. 
Лексикографиялық әдістеме — өте күрделі тәсілдердің бірі. Мұның құрамына бақылау, 
фактілерді есепке алу, оларды сипаттау, тілдік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынаста 
қарау сияқты көптеген әдістемелер енеді. 


Әдістемелер ішінде кеңірек тоқталуды керек ететін аса күрделісі — картографиялық 
әдістеме. Мұны көбінесе лингвистикалық география немесе картографиялық әдіс деп те 
атайды. Бұл әдістеме тіл білімінің диалектология саласында қолданылады. Соған қарай 
кейбір әдебиеттерде оны диалектография дейді. 
Картографиялық әдістеменің негізгі мақсаты — диалектілік ерекшеліктердің тараған 
аймақтарын арнаулы белгілер арқылы картаға түсіру, әрбір ерекшеліктің таралған 
шекарасын көрсету. Диалектологиялық зерттеулерде картографиялық әдістеменің 
қолданылуы ғылымның үлкен табысы. Осы әдістеменін арқасында да көптеген тілдердің 
диалектілік ерекшеліктерінің тараған аудандарын нақтылы айқындауға, оның тарихи 
себептерін ашуға мүмкіндік туады. 
Картография әдістемесі диалектологиялық зерттеулерде 18 ғасырдың аяқ кездерінен 
бастап қолданылады. Бұл — үлкен ғылыми күшті, көп зерттеуді, көп уақытты керек ететін 
жұмыс. Сондықтан да көптеген жеке тіл білімінде, солардың ішінде қазақ тілі білімінде де, 
диалектография әзірше жарық көре алмай келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет