Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Лекция жинағы

Лекция жоспары:
1. Зерттеудің тәсілдері мен жолдары 
2. Методологияны зерттеу әдістемелері 
3. Лексикографиялық әдістеме. 
Лекция мазмұны: Зерттеудің тәсілдері мен жолдары. Ғылымның алға қоятын 
мақсаты — өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын 
ашып айқындау. Ғылымды қызықтыратын нәрсе — әлі шешілмеген, белгілі болмаған сыры 
ашылмаған жайттар, проблемалар. Сондықтан ғылыми зерттеу — белгісізді белгілі ету, 
ашылмағанды ашу, шешілмегенді шешу процесі. 
Ғылыми зерттеудің барлық түрінде де нысанды танып-білу үшін өзара байланысты 
үш түрлі әрекет іске асырылды. Олар: 1) қажетті материалдар, фактілер жинау; 2) жиналған 
материалдарды, фактілерді сұрыптау, талдау; 3) фактілер негізінде теориялық 
тұжырымдар, болжамдар жасау? Бұлар ғылым атаулыларының қай-қайсысында болса да, 
қайталанып отыратын зерттеу процестері, зерттеу кезеңдері. Құбылысты, нысанды ғылыми 
танып-білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер басқа да ғылымдардағы сияқты тіл 
білімі үшін де негізгі кезендері болып есептеледі. 
Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін, зерттеуде әр түрлі амал-тәсілдер 
қолданылады. Ондай әдіс-амалдар қатарына методология, метод (әдіс), методика (әдістеме) 
жатады. Бұл үшеуі өзара тығыз байланыста, бірлікте болуларымен қатар әрқайсысы әр түрлі 
ұғымды біддіреді және бұлар бүкіл ғылыми механизмді қозғалысқа келтіретін қозғаушы 
күштер деп есептеледі. Ендігі әңгіме осы үшеуінің өзіндік сипаттарын, арақатынастарын 
айқындауға арналады. 
Методология. Методология — гректің екі сөзінің бірігуінен жасалған. Ғылымды 
зерттеу принциптері туралы ілім. Методология — теориялық ойлаудың философиялық 
негізі. 
Методология — дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты 
танып-білудің жолы, философиялық принципі. Орыс тіліндегі үлкен энциклопедиялық 
сөздікте "Әдіс — болмысты түсіндірудің тәсілі, жаратылыс пен қоғам өміріндегі 
құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің тәсілі" деген анықтама бар. Бұл — әдіске жалпы 
ғылымдық, философиялық тұрғыдан, яғни методология деген тұрғыдан берілген анықтама. 
Бірсыпыра ғалымдар әр түрлі қызметтегі ұғымды бір-бірімен шатастырмау үшін және әдіс 
деген терминді моносемиялы ету үшін, оның жоғарыда айтылғандай жалпы ғылымдық
философиялық түрін методология деп атаған жөн дейді. Бұл — орынды пікір. 
Методология — әр ғылымның зерттеу жұмысында басшылыққа алатын 
философиялық көзқарасы. Методология — жалпығылымдық ортақ принцип. Кеңес Одағы 
кезінде бір ғана методологиялық принципке сүйенді. Ол — маркстік диалектикалық және 
тарихи материализм принциптері. Бұл принцип дүниенің негізі — материя, ол — алғашқы, 
ал, ой-сана — мидың жемісі, материалдық сыртқы дүниенің бейнесі, ол — соңғы, дүниеде 
танып білуге болмайтын еш нәрсе де жоқ, ғылым мен практиканың күші арқылы бәрін де 
тануға, білуге болады, өмірдегі алуан түрлі заттар, құбылыстар бір-бірімен тығыз 
байланыста, шартты қатынаста болады және олар үздіксіз қозғалыста болып өзгеріп дамып 
отырады, олардың ішкі қозғалысы, дамуы араларында болатын қарама-қайшылықтардың 
күресі негізінде болып жатады, құбылыстардың дамуы сандық өзгерістерден сапалық 
өзгерістерге ауысып отырады деп санайды. 
Бұл табиғат пен қоғамдық өмірдің, ой-сананың жалпыға тән заңдылықтары. Бұл 
заңдылықтар ғылым атаулының қай-қайсысында болса да, бірде болмаса бірде кездеспей 
қоймайды. Осы себептен де методология ғылыми зерттеу ісінде зерттеушінің басшылыққа 
алатын, әрдайым есте ұстайтын бағдарлаушы принципі болып есептеледі. 
Кеңес тіл ғалымдары тілді зерттегенде марксизм классиктерінің осы айтылған 
философиялық тұжырымдарын басшылыққа алды, өз зерттеулерінде оларды қалай 
қолданудың жол-жобасын айқындады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеудің методологиялық 


принципі дегенді оның басшылыққа алған философиялық қағидалары, дүниетанымы деп 
түсінген жөн. Әдетте, басшылыққа алған методологиялық принципінің, сүйенген 
философиялық негізінің қандай болуына қарамастан, ғылым жетістіктері, ғылым ашқан 
жаңалықтар таптық болмайды, жалпыхалықтық, жалпыадамдық игілік болады. Бірақ бұдан 
ғылым табыстарын адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланбайды, ұстанған методологиялық, 
философиялық принциптің таптық мәні болмайды деген қорытынды шықпайды. 
Әрбір ғылымның өзіне тән арнаулы зерттеу әдісі зерттеушінің басшылыққа алған 
методологиялық принципіне, сол белгілеп берген негізгі мақсатқа сай келіп отырады. 
Зерттеу әдісі бір болғанымен, егер басшылыққа алған методологиялық принциптері әр түрлі 
болса, әдіс алдына қойылатын талап та, одан шығарылатын қорытынды да әр түрлі болмақ. 
Мысалы, 19 ғасырда және 20 ғасырдың бас кездерінде бір-біріне қарама-қарсы бағытта 
қалыптасқан лингвистикалық мектептердің басым көпшілігі салыстырмалы-тарихи әдісті 
зерттеудің бәріне де ортақ тәсілі ретінде қолданды. Бірақ ол әдісті натуралистер "тіл — 
биологиялық құбылыс, организм" дейтін негізгі концепцияларын дәлелдеуге пайдаланса, 
психологистер "тіл — таза психикалық құбылыс" дейтін концепцияларын дәлелдеуге 
пайдаланды. Сол сияқты құрылымдық әдіс те түрлі мектептерге ортақ әдіс болғанымен
олардың әрқайсысы әр түрлі мақсатта, әр түрлі бағытта қолданылады т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет