Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Лекция жинағы

алу, оны сипаттау — ғылыми зерттеу істерінің барлық саласында да бақылаумен 
жарыстырыла қолданылатын әдістеменің екінші түрі. Мысалы, тіл білімінде тілдің қай 
саласын, қандай мақсатта зерттесе де, ең алдымен, соған қажетті тілдік фактілер жиналып, 
есепке алынады. Ол фактілердің мағыналық, функциялық, формалық құбылыстары, тіл 
құрылысында алатын орны, басқа элементтермен, фактілермен қарым-қатынасы, т.с.с. жан-
жақты бақылана отырып, есепке алынады. Алдын ала жүргізілетін мұндай әдістемелік 
әрекетсіз ештеме де істеуге болмайды. 
Зерттеу жұмыстарында жиі қолданылатын әдістеменің үшінші түрі — фактілерді бір-
бірімен салыстыра қарау тәсілі. Салыстыру әдістемесі тілдік фактілердің әрқайсысының 
өзіндік сипатын айқындауға, бір-бірінен қандай өзгешеліктері барлығын жан-жақты ашуға, 
сөйтіп, оларды дұрыс жіктеуге жәрдемдеседі. Салыстыру әдістемесі негізгіні көмекшіден, 
ең басты, шешуі сипатты екінші, үшінші дәрежедегі белгілерден, шешуші мәні жоқ 
сипаттардан ажыратуды жеңілдетеді. Бұл әдістеменің, әсіресе, тіл тарихын зерттеуде 
атқаратын қызметі едәуір салмақты. Зерттеу жұмыстарында эксперименттік, категориялық, 
лексикографиялық әдістемелер де қолданылады. Эксперименттік әдістемені кейде 
аспапты әдістеме деп те атайды, ол тілдің фонетика саласын зерттеуде жиі пайдаланылады. 
Оның аспаптары қатарына магнитофонды, кимограф пен осциллографты т.б. жатқызуға 
болады. 
Лексикографиялық әдістеме — өте күрделі тәсілдердің бірі. Мұның құрамына 
бақылау, фактілерді есепке алу, оларды сипаттау, тілдік элементтерді бір-бірімен қарым-
қатынаста қарау сияқты көптеген әдістемелер енеді. 
Әдістемелер ішінде кеңірек тоқталуды керек ететін аса күрделісі — картографиялық 
әдістеме. Мұны көбінесе лингвистикалық география немесе картографиялық әдіс деп те 
атайды. Бұл әдістеме тіл білімінің диалектология саласында қолданылады. Соған қарай 
кейбір әдебиеттерде оны диалектография дейді. 
Картографиялық әдістеменің негізгі мақсаты — диалектілік ерекшеліктердің тараған 
аймақтарын арнаулы белгілер арқылы картаға түсіру, әрбір ерекшеліктің таралған 
шекарасын көрсету. Диалектологиялық зерттеулерде картографиялық әдістеменің 
қолданылуы ғылымның үлкен табысы. Осы әдістеменін арқасында да көптеген тілдердің 
диалектілік ерекшеліктерінің тараған аудандарын нақтылы айқындауға, оның тарихи 
себептерін ашуға мүмкіндік туады. 
Картография әдістемесі диалектологиялық зерттеулерде 18 ғасырдың аяқ кездерінен 
бастап қолданылады. Бұл — үлкен ғылыми күшті, көп зерттеуді, көп уақытты керек ететін 
жұмыс. Сондықтан да көптеген жеке тіл білімінде, солардың ішінде қазақ тілі білімінде де, 
диалектография әзірше жарық көре алмай келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет