зерттеуге қандай әдіс-тесіл-дерді қолдануға болатынын айқындау да мүмкін емес. Мысалы,
тілдің
заман өткен сайын өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екендігін, тілдердің
өзара туыстас болатынын білмей тұрған заманда тіл біліміңде салыстырмалы-тарихи әдіс
те болмады. Оны тіл білімінің зерттеу әдісі етіп қалыптастыру әрекеті — айтылған жайттар
белгілі болғаннан кейін ғана мүмкін болды. Міне, осы білік — салыстырмалы-тарихи әдісті
дүниеге келтірген әрі теориялық, материалдық, әрі тідцік негіз болып есептеледі. Әдістің
теориялық, материалдық немесе тілдік негізі дегендерден осындай жайттарды түсінген
жөн.
Зерттеу әдісі бір қалыпта қалып қоймайды және ол әр ғылымда бірнеше болуы мүмкін.
Әдістің өзгеруі зерттейтін нысанның сипатына, ғылымның даму дәрежесіне байланысты.
Ғылым дами келе нысанның
бұрын байқалмаған жаңа сырлары, тың құбылыстары
ашылады. Оны жан-жақты және терең айқындау үшін бұрын қолданылып келген зерттеу
тәсілдері жарамсыз болады да, зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігі туады.
Ондай әдістердің бұрын қолданылмаған тың туынды болуы да немесе басқа бір ғылымнан
ауысқан болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: