Әдебиет - өнердің бір түрі. Ал ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түр төркіні аралша
атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін білу қиын емес. Мүсіншінің
құралы – саз - балшық, суретшінің құралы – бояу, әншінің құралы – қимыл болса,
әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз - әдебиеттің құрылыс материалы» (Федин). Өнердің көп
салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өенрдің өзге
түрлерімен әлгідей бірлігі бола тура өзгешілігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді
жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз – бояу немес дыбыс емес, барлық халыққа бірдей
түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар: әдеби шығарма сол тілден
ғана туады. Әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен затты: симфонияны
тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында біргін кеште жүріп жатқан
спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстатар
затты дерегі бола
бермейді, ал әдебиетте екеуі де – нақтылық та, заттылық та бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін
өнерлері затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кезкелген шындықты
қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз
өнерін – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең
жоғарғы түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды
қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегінен – тегін тумаған-ды.
Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда, ең алдымен, оның тарапындағы маңызын атау
шарт. Қандай көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты
бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын – соңды беймәлім
дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына
тереңдеп, танымын байытпақ. Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай
орыс өмірін, Абайды оқымай қазақ тіршілігін білем деу ағым. Көркем шығарма адамға
өмірді танытады, тәрбиелейді. Бұл арадан келіп әдебиеттің қоғам өміріндегі тағы бір
тамаша маңызы шығады.
Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың өмірге көзқарасын
қалыптастырады,
мінезіне ықпал етеді, бүкіл тұрмыс – тіршілігіне әсер етеді. Осыдан
әдебиеттің тәрбиелік мәні туындайды. Өнерге, өнердің бір түрі - әдебиетке әркім өзінше
анықтама берген. Біреулер оны – «шындықты сәулендіру» десе, біреулер – «идеалдар
жасау», тағы біреулер – «бір адам сезімін екінші адамға ауыстыру» деген. Бұл
ұғымдардың барлығы да белгілі дәрежеде шындық. Әдебиет оның ішінде әдеби шығарма
адамның ой – қиялын, сыр – мінезін, түгіл баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады,
күйінодіреді, жылатады, күлдіреді... қысқасы, адамның көңіл күйінде сан – сапа
құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл - әдеби шығарманың эстетикалық әсері, оның
таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген. Сөз өнері жалпы мағынасындағы
жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен – тек деуге болмайды. Оның барлық
эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Демек,
әдебиеттің таным тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық
маңызына екі өнер туындысының көркемдік қунына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым
арқылы да тануға, ал тәрбиенің ең үлкені оқу – білімде жатқаны тағы даусыз. Ал ол әрине
әдебиетке балып тіреледі. Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем
тарихы. Әдебиеттің халықтығы – тарихи категория. Прогресшіл адамзаттың жалпы
көркемдік даму тарихының әр кезеңінде бұл ұғым әр сипатта әдебиеттің халықтығы
туралы түсінік қып қалыптастырған Б.Т.Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа
мен
омега деп ұқты, нағыз көркем творчество бұдан ешқашан орай алмайды. Оның
пікірінше, әдебиеттің өзі, бәрінен бұрын, «халықтың санасы», «халықтық рухы».
Халықтың - әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық
шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырыб арқылы автордың алға қойған
мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын қаһарманның мінезін,
дүниетанымын, іс - әрекетін қамти кем автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне,
эстетикалық идеалына көшетін ұғым. «Өнер - халықтікі» деп кезінде Ленин орынды
айтқан. Өнер расымен де халықтікі. Өнер, өнер үшін деп символисттердің айтқандары құр
шалықтау.
Дәлелдейік. 1. Өнер белгілі бір ұлыс, халық арасына тарайды.
2. Өнерді бүкіл халық жиналып жасамағанымен өнер жасаушы адам сол халық өкілі
және де өның өнер туындысы өзі үшін емес халық үшін жасалған. Халық үшін
жасалуының 2 түрлі себебі бар: 1) өнер туындысы оны жасаушы, тудырушының атағын
шығарады. 2) материалдық құндылық құрайды.
3. Өнер туындысы халық қабылдап, қажетіне жаратқаннан
кейінхалықтық сипат
алады, мәңгіліктік қасиетке ие болады.
Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мәні бар
мәселенің көтерілуіне жатады. Айталық, Абай дінің бүкіл ақындық өнерінің он бойында
өзінің туған халқы үшін заманының ең күрделі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы
ақынның реализмі мен гуманизмі өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал тұрғысынан
өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенуалық пен киелді, оспадарлық пен опасыздықты
сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдырысын көрсетуі – бүкіл халықтық
күрделі мәселені көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр. Сонымен,
әдебиеттің – халықтығы - оның халықтық ірі мәселелерді халыққа жетімді түрде шебер,
халық мүддесіне сай көркем жинақтау болып табылады.
Көркем ідебиет – адамзаттың парасат әлеміндегі түңдесі жоқ құбылыс екеніне
мойындасақ, әрине, оның жалпы санаға, адам атаулының ақыл – ойына тікелей қатысы
барын ешкім де жоққа шығармайды. Соның бірі - әдебиетті қондырма ретінде жайымдау.
Қондырма мәңгілік емес, базиспен бірге жоғалып кетеді. айталық, арғы ғасырдағы
феодалдық базис жоғалды, бірақ сол тұста туған Пушкин, Абай шығармалары әлі өмір
сүріп келеді және өмір сүре бермек. Әдебиет – мәдениеттің бір белігі. Ал мәдениет –
қондырма. Әдебиет пен өнердің базис пен қондырмаға қатысты осылай сүреттеледі.
Көркем әдебиет өмір құбылыстарының әр алуан жоқтарын суреттеу арқылы көз
алдымызға елестетіп, ой – сезімімізге әсер етеді. Әлеумет өмірінде адамдарда болатын әр
түрлі құбылыстарды, мінез – құлықтарды жинақтап ұнамды – ұнамсыз образдар жасайды.
осы әдеби мұраларға қарай отырып, соларды танып - біле
отырып біз өз өткенімізбен
танысып қана қоймай, сол шығармадағы кейіпкерлердің өмірі мен ұстанған бағытына,
қылығына назар аудара отырып алдағы өмірге түрлі ойлар түйеміз. Әдеби шығармалар тек
өмірлік тәлім – тәрбие ғана емес, сонымен бірге айналадағы қоршаған әлемнің сыншысы
да, ақылшысы да бола алады. «Сын түземей, мін түзелмейді» демекші, қоғамдағы
өзгерістер мен құбылыстардың барлығына да таруы тек қана халық сыны ғана бола алады.
Ал бұл сынды тек осы әдебиеттен, яғни әдебиеттану ғылымының салаларының бойынан
таба аламыз. Әдебиет – жалпыға бірдей сыншы, тарих жолдарынан елес қана емес,
сонымен қатар өз елімізді өзге ұлттарға танытарлықтай дәрежесі бар ғылым саласы.
Көркем әдебиеттің бойынан әр алуан өнер түрлері мен ғылым салаларының бір арнамен
ағуын байқаймыз. Тіпті өзге ұят өкілдерінің өздері де осы әдебиетіміздегі, әдеби
мәдениетімізге қарай отырып, сонымен таныса отырып «қазақ» деген қайсар халқымызға
баға беріп, біздің ішкі жан дүниемізбен және әдебиетімізбен толық таныс бола алады.
Әдебиет – біздің бірлігіміз бен арман, қиялымыздың ұштасар шыңы. Әдебиет өмір айнасы
десек, ол біздің халқымыздың өткені мен бүгінгі келбеті, ертеңгі болашағын бейнелей
меңзейтін бағдары.
Достарыңызбен бөлісу: