35
түсіндіреді. «Ишемиялық жартылай көлеңке» бөлімінде жасушалардың өлуі
инфактке ұшыраған аймақтың ұлғаюына әкеледі. Бірақ,
бұл жасушалар
белгілі бір уақытқа дейін өзінің тіршілік етуін сақтай алады, сондықтан,
қанағымның қалпына келуі оларда дамитын қайтымсыз өзгерістердің алдын
алады.
«Ишемиялық
жартылай
көлеңке»
аймағындағы
нерв
жасушаларының қалпына келуінің ұзақтығы әлі толығымен анықталмаған.
Бірақ, көптеген нерв жасушалары үшін бұл уақыт 3–6 сағатпен (кейде 2–3
тәулікке дейін созылуы мүмкін) шектелген. Осы уақыт аралығы «емдік
ұяшық» деп аталады. Өйткені, бұл уақытта жасушалардағы «ишемиялық
жартылай көлеңке» аумағына тиімді ем
қолдануға және жасушалар
өліеттенуінің алдын алуға болады.
Қолайсыз жағдайда 6 сағат өткен соң ми инфарктының көптеген бөлігі
өзінің құрылуын аяқтайды. Пенумбра аумағында жасушалардың өлеттенуін
туындататын күрделі патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер
дамиды. Пенумбра аумағындағы нейрондар өліеттенуінің негізгі
механизміне: глутаматты эксайтоуыттылық,
перифокалды деполяризация
толқыны, қабыну және репефузиялық бұзылыстар мен апоптоз жатады (15-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: