Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Тамырлық тонустың нерв жүйесі арқылы реттелуінің бұзылуы



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

6. Тамырлық тонустың нерв жүйесі арқылы реттелуінің бұзылуы 
Бұл механизм артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарда маңызды 
рөл атқарады. Айқын вазоконстрикция мен АҚ-ның жоғарылауы кезінде 
ми қантамырларындағы аутореттелістің бұзылуынан ауыр ишемия мен ми 
инфаркты туындайды. Сонымен бірге, миішілік артериялар мен 
артериолалардың 
парезі 
немесе 
олардың 
салдануынан 
мидың 
гипоперфузиясы дамиды және бұл инсульттің дамуына әкеледі. 
7.Коллатеральді қанмен қамтамасыз ету арқылы теңгерілу
мүмкіншіліктерінің азаюы. Ми қанайналымын қамтамасыз ететін 
артериялар арасындағы анастомоздар тармағының көп болуы азайған 
қанағымның теңгерілуіне және олардың әртүрлі аймақтарға қайта 
таралуына жағдай жасайды. Магистральді экстракраниалды тамырларда 
біртіндеп дамитын окклюзиялану (қуыс құрылымдарының бітелуі) 
процесстері кезінде коллатеральді қанайналым ең тиімді болып саналады. 
Жүйелік артериялық қысымның қалыпты болуы, ми қанайналымындағы 
аутореттелістің миогендік және метаболизмдік механизмдерінің сақталуы, 
ми қантамырларының жеке архитектоникасының ерекшеліктері, тамырлар 
саңылуының (бастың магистральді тамырлары, басты артериялық діңгек 
немесе өте ұсақ тамырлық тармақтардың) бітелуі (обтурациясы)
коллатеральді қан айналымды қамтамасыз етудің маңызды жолы саналады.
Аорта доғасының жеке проксимальді бөлімдеріндегі тармақтардың (ортақ 
күре тамыр, бұғана асты артериясы) зақымдануы кезінде милық 
әйгіленістермен көрінетін, мидың қанмен қамтамасыз етілуіне нұсқан 
келтіретін «тонау синдромы» дамиды. 
Сонымен қатар, нерв тіндерінің коллатеральді қантамырлар арқылы 
қанмен қамтамасыз етілуі қантамырлар қабырғасының бүтіндігімен 
байланысты. АҚ-ның түрлі ауытқуларында олардың тарылуы мен кеңеюі 
арқылы қантамыр қабырғаларының бүтіндігін анықтауға болады. Яғни, ми 
артерияларының бірі жабылған кезде қанағымның қайта таралуы аралас 
қанқамтымы бар аумақтағы артерияларды жылдам босаңсытады.
Сондықтан, қантамырлар патологиялық үдеріспен зақымданбаған 
жағдайда және олардың жиырылу қызметі қалыпты болған кезде 
вазодилатация туындайды. Ал тамырлар босаңсымаған жағдайда 
коллатералдық жолдар мидың тамырлық тармақтарындағы аймақтарға өте 
сезімтал болып келеді. Өйткені, мидың бір бөлімінен екінші бөліміне қарай 
қан көп мөлшерде жылжыған кезде негізгі жүктеме осы коллатеральді 
қантамырларға келіп түседі. 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет