Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
Құрысулардың жіктелуі 
 
Тонусты құрысқақ – бұлшықет күшінің артуымен байқалатын 
бұлшықеттің баяу және ұзақ уақыт бойы жиырылуы. Бұлшықеттердің ұзақ 
жиырылуынан, олардың сол бетінде (бүгілген немесе керілген күйі) қатып 
қалуы, науқастың денесі керілген, басы шалқайған немесе иілген күйінде 
қалады. Бұл қыртысасты құрылымдардың тым артық қозуынан және 
уыттанудың кейбір түрлерінде (мысалы, алкогольді, көміртегі тотығымен 
уланғанда, сіреспеде) дамуы мүмкін. 
 
Клонусты құрысқақ – жазылатын және бүгілетін еттердің рет-
ретімен жиырылуы, нәтижесінде еріксіз қимыл-қозғалыстар байқалады. 
Олар ырғақты немесе ырғақсыз болуы мүмкін, пирамидалық жүйелердің 
құрылымдарының бұзылуы мен мидың үлкен жартышарларының шамадан 
тыс қозуымен сипатталады. Кеңінен таралған, айқын көрінетін клонустық 
құрысқақ конвульсияны (қалтылдауды) білдіреді. Клонусты құрысқақ 
келесі түрлерге бөлінеді: тик – бет бұлшықеттерінің клонустық 
құрысулары; кекештену (тұтығу) – сөйлеуге қатысатын бұлшықеттердің 
клонустық құрысулары; пирамидалық жүйенің зардапталуы кезінде 
байқалатын клонустық құрысулар («табанның клонустық құрысуы 
(клонусы)», «тізе чашкесінің (ойығының) клонустық құрысуы (клонусы)»; 
хорея кезіндегі құрысулар, яғни бастың, дененің және аяқ-қолдарының 
бұлшықеттерінің ретсіз, ырғақсыз қимылдауы. 
 
Аралас тырысулар – бұл бұлшықеттердің тонустық - клонустық 
немесе клонустық-тонустық (құрысулар) жиырылуы. Бұл сілейме және 
комалық жағдайларда (мысалы, диабеттік, бауырлық немесе уремиялық 
комаларда; күйіктік немесе анафилаксиялық сілейме кезінде) дамиды.
Бассүйекішілік этиологиялық ықпалдардың әсерінен қайталанатын 
эпизодтармен көрінетін құрысулар туындағанда эпилепсияның дамығаны 
туралы айтуға болады. Бассүйексыртылық этиологиялық ықпалдардың 
әсерінен дамитын құрысулар эпилепсияға жатпайды. Ұзақ уақыттық 
құрысулық ұстамаларды немесе мидың қалыпты қызметін толығымен 
қалпына келтіре алмайтын, 30 минут және оданда көп минуттарда бірінен 
соң бірі дамитын ұстамаларды эпилепсиялық статус ретінде қарастыруға 
болады. 
Құрысулар – балалардың ОНЖ зардапталуы кезінде жиі байқалатын 
клиникалық белгілерінің бірі. Бұл көбінесе балалардың өмірінің ерте 
кезеңінде байқалады. Балаларда құрысулар ересектерге қарағанда 5-10 есе 
жиі дамиды. Бұл мидың морфологиялық және функциялық жетілмеуінен, 
нерв 
талшықтарының 
толық 
емес 
миелинденуімен, 
тежеуші 
механизмдердің әлсіреуімен, қозудың басқа жерлерге таралуының басым 
болуымен, түрлі уытты заттар мен бактериялық агенттерге ГЭТ-дың 
өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты дамиды. Сонымен бірге, ми 
тінінің оттегіге мұқтаждығының жоғарылауынан, мидың гидрофилді 


61 
болуынан, мидың метаболизмінің реттелуінің бұзылуынан туындайды. 
Осы жоғарыда аталған барлық онтогенездік ерекшеліктер ОНЖ 
қозымдылығының төменгі табалдырығының дамуына себепші болады 
және оның диффузды реакцияларға бейімділігін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет