69
психикалық қайта құрылуымен, жүктілік кезінде аурудың алғашқы
белгілері – нерв жасушаларының қозу табалдырығы азайғанда организмнің
функциялық
жағдайының өзгеріп, құрысулық дайындық жоғарылайды
және жасырын жағдайдағы эпилепсияланған ошақ белсендіріледі. Мидың
құрысулық дайындығының күштілігі соншалықты, қысқа уақыттың ішінде
адамның естен тануына және эпилепсиялық белсенділігі бар ошақтың
жойылуына әкеледі. Осы жағдайда абсанстың туындауы мүмкін. Және,
керісінше, құрысулық дайындықтың болмауы мүмкін, өте күшті
эпилепсиялық белсенділігі бар эпилепсияланған
ошақтың өзінде есті
жоғалтпайтын парциялдық талмалар туындайды.
Сыртқы және ішкі эпилепсиялық тітіркендіргіштер рефлекстік
эпилепсия ұстамаларының дамуында маңызды рөл атқарады. Сыртқы
тітіркендіргіштер арқылы дамитын ұстамалар түрлі анализаторларға әсер
етуі мүмкін. Мысалы, көптеген науқастарда
туындайтын ұстамалардың
даму механизмінде көру тітіркендіргіштері (күн сәулесі немесе жарықтың
жыпылықтауы), кейбір науқастарда – есту тітіркендіргіштері (шу, қатты
музыка, дыбыстық тітіркендіргіштердің кенеттен әсер етуі, күннің
күркіреуі) немесе ұстамалардың дамуын күшейтетін иістер маңызды рөл
атқарады.
Сонымен қатар, сергектенуден ұйқыға, ұйқыдан сергектенуге
ауысатын өтпелі кезеңдер де ұстамалардың дамуына қолайлы жағдай
жасайды. Миоклонустық селкілдеу (бұлшық
еттің немесе оның бір
бөлігінің жылдам тартылып-тартылып кететін гиперкинез түрі) ұйықтаған
кезде жиі байқалады. Бұл кезде кең жайылған эпилепсиялық ұстамалар
ұйқыдан ояну кезінде («ояну эпилепсиясы») жиі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: