«Бағдаршам» жаттығуы
Сіздерге қызыл және жасыл карталар таратылды. Келесі мәлімдемелерге өз бағаңызды
беріңіз. Егер сіз мәлімдемені әділ деп санасаңыз – жасыл карталарды көтеріңіз (иә). Егер
мәлімдеме қате болса қызылды көтеріңіз (жоқ). Сіздің пікірлеріңіз әрқашан сәйкес келе
бермеуі мүмкін.
Енді даулы жауаптарды талқылайық.
Мәлімдемелер:
Жасөспірім немқұрайлылық,
тәкаппарлық танытса да, оның көңілі жұқа болып келеді.
Жасөспірім эмоционалдық түрде салмақты және тұрақты болуы керек.
Жасөспірім өзін-өзі талдауға бейім.
Құрдастарымен шамадан тыс қарым-қатынас жасау жасөспірімге зиян болады.
Жасөспірімдік шақ көп жағдайда жанжалдармен, ұрыс-керіспен бірге жүреді.
Жасөспірімдердің сұлулыққа деген ұмтылысында
қисынсыз, күлкілі жағдайлар болуы мүмкін
(қыздардың косметиканы асыра пайдалану және т.б.).
Егер жасөспірім ата-анасын елемейтін болса, олар оған да солай істеуі керек.
Әңгіме:
Мына жағдайды елестетіп көріңіздер: сіздің үйіңізде жөндеу жұмыстары
жүріп жатыр, жиһаз жылжытылған, сіз бояумен (ағартумен, тазалаумен және т.б.)
айналысып жатырсыз – бір сөзбен айтқанда, айналыңызда ретсіздік.
Сіздің
жасөспірім қызыңыз (немесе ұлыңыз) мектептен келіп, өзімен бірге досын (дос
қызын) ертіп келді.
Достарыңызбен бөлісу: