Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


біріншіден, энер- гия (жылу) қызған денеден салқын денеге қарай беріледі; екіншіден



Pdf көрінісі
бет16/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204
8сынып физика (2)

біріншіден, энер-
гия (жылу) қызған денеден салқын денеге қарай беріледі; екіншіден, 
әртүрлі денелердің жылуөткізгіштігі де әртүрлі болады. 
2. Жылуөткізгіштік заттың 
агрегаттық күйіне байланысты өзге-
ріп отырады. Шынында да, қатты денеге қарағанда сұйықтардың, ал
сұйықтарға қарағанда газдардың молекулалары тым алшақ орналаса- 
ды. Сондықтан бір-бірімен жиі әрекеттесе алмайды да жылуды көрші
бөлшектерге кешігіп жеткізеді. Осылайша, заттың атомдары мен моле- 
кулалары алшағырақ орналасқан сайын жылуөткізгіштік нашарлай
береді. Сөйтіп, 
жылуөткізгіштіктің табиғаты атомдық-молекула-
лық сипат алады, яғни жылуөткізгіштіктің әртүрлі болуы зат бөл-
шектерінің арақашықтықтары мен өзара әрекеттесу ерекшелікте-
ріне байланысты түсіндіріледі. 
3. Жылу алмасудың екінші түріне 
конвекция жатады. 
Конвекция 
деп сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы 
жылу энергиясының берілуін айтады.
Сурет 1.8. 
Заттардың жылуөткізгіштігі әртүрлі
Мыс
Шыны
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


20
Энергияның ыстық ортадан салқын ортаға сұйықтар мен газ қабат-
тарының 
ағыны арқылы берілетінін тәжірибе жасап көз жеткізе аламыз. 
Колбадағы суды төменгі жағынан спиртовкамен қыздырсақ, оның ішінде 
әуелі 
көпіршіктер, одан кейін иірімді ағыстар пайда бола бастайды да, 
артынан судың барлық бөлігі бірдей қайнайды (сурет 1.9, 
а).
Конвекция құбылысының пайда болуын 
Архимед заңы негізінде және 
денелердің жылулық ұлғаюлары арқылы түсіндіре аламыз. Температу-
ра жоғарылағанда сұйықтың көлемі ұлғаяды да, қысымы төмендейді. 
Тығыздығы азайған сұйықтың қызған бөлігі Архимед күшінің әрекетінен 
жоғары көтеріледі де, тығыздығы жоғары сұйықтың салқын бөлігі төмен 
түседі.
Газдардағы конвекция (сурет 1.9, 
ә–б) сұйықтардағы конвекция 
құбылысына ұқсас. Сондықтан газдардағы конвекция құбылысы да Ар-
химед заңы мен газ көлемінің жылулық ұлғаюы негізінде түсіндіріледі. 
Газдардағы конвекция табиғи түрде орындалуы үшін жылу көздерін 
үйдің еденіне жақын, ал желдеткіш қақпағын терезенің жоғарғы жағына 
орналас тырады. Желдеткіш қақпағын ашқанда тығыздығы үлкен суық 
ауа төмен, үйдің еденіне қарай қозғалады да, бөлменің жоғарғы жағын-
дағы тығыздығы кем жылы ауа сыртқа шығып, биіктей береді.
Сурет 1.9. Сұйықтағы және газдағы конвекция құбылысы
а)
ә)
б)
4. Атмосферада пайда болатын жел мен құйындар, алапат дауыл-
дар мен тайфундар табиғи конвекцияның айқын көрінісі болып та-
былады. Атмосфералық конвекция құбылысында ыстық ауа массасы 
мен салқын ауа массаларының бір-біріне қарама-қарсы ағыны аса 
үлкен аумақты қамтиды. Ауа массасының осындай алапат құйынды 
ағындарын ғарыштан бақылап (сурет 1.10), олардың қозғалыс бағда-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


21
рын анықтау арқылы алдын ала қорғану шаралары ұйымдастыры-
лады.
Атмосферадағы ауа ағысына ұқсас құбылыстар мұхит суларында 
да орын алады. Мұхиттарда аса үлкен аумақтарды қамтитын судың 
жылы ағындары мен суық ағындары көптеп кездеседі (сурет 1.11, 
жылы ағыстар 
қызыл, салқын ағыстар қара түспен боялған). 
5. Жер атмосферасы мен мұхит суларында орын алатын табиғи 
конвекция құбылыстарының пайдасы да мол, зияны да жетерлік. 
Зиянды жағына мысалдар келтіруді оқушыларға қалдырып, пайдалы 
жағына екі-үш мысал келтіре кетейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет