Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Есту әдісі (дыбысты). Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, 
онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқылы жүргізеді. Негізгі дыбысты 
дабылға жататындар: әңгіме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, алақанмен 
шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы. 
Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы 
дыбысты дабыл 
қашықтық 
Жарылыс 
2- 15 км 
Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена 
7-10 км 
Трактордың гүрілі 
3 - 7 км 
Мылтық дауысы 
2 - 3 км 
Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің үруі 2-3 км 
Адамның айқайы 
1,0- 1,5 км 
Құлаған ағаштың сатыры 
0,8 км 
ағаштарды кесу және аралау 
0,5 км 
Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап 
қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты есту үшін 
барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты 
ақпаратты тындаулары керек және оның орны мен келген бағытын анықтап зардап 
шеккендерді іздеуге кірісулері қажет. Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести 
алмайтын болса, онда арнайы акустикалық құралдар қолданылады: жаңғырық, 
геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін 
(дем алу, ынырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап 
шеккендерді акустикалық құралдармен іздеу әдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін 
жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда «Пеленг – 1» акустикалық құралын 
пайдалана 
отырып 
жақсы 
нәтижеге 
жетеді.
Іздеуді тоқтату туралы тек жұмыс жетекшісі ғана шешім шығара алады. Зардап 
шеккендерді іздеудің бір тиімді тәсілі көзімен көргендерден сұрау. Сұралатын адам 
ретінде зардап шеккендерді көрген, ТЖ туралы естіген адам тартылады. Көзімен 
көргендермен әнгіме кезінде келесі тақырыптар мен сұрақтар қозғалады: 
 
ТЖ орны, уақыты, масштабы; 
 
қолда бар уландырғыш заттар (УЗ), өрттер, қауіпті жарылғыш заттар; 
 
ТЖ аймағын зерттеу кезіндегі қиындықтар; 
 
зардап шеккен адамдар мен оларды көзімен көрген адамдардың соңғы 
кездескен жері мен уақыты; 
 
зардап шеккендердің қозғалу бағыты; 
 
зардап шеккен адамдардың алған жарақаты мен сынған жерлерінің сипаты. 


25 
Зардап шегушілерді іздеуге арнайы үйретілген кинологтардың иттері қатысады. Бұл 
тәсіл олардың табиғи иіс сезуі мен әрекет ету қабілетіне негізделген (үруі, дұрыс 
тұруы, үйреншікті қозғалысы ). Іздеу кезінде иттер зардап шегуші болуы мүмкін 
жерлерді иіскейді (үйінді, көшкін, тар кеңістік). Бұл жануарларды пайдалану 
тиімділігі 
ауада 
түтіннің, 
бір 
иістің 
болуы 
кезінде 
төмендейді. 
Іздеудің бір тәсілі, өзінің иіс сезімін пайдалануда құтқарушының ептілігіне 
байланысты. Түтіннің иісі бойынша оттың, үйдің, дамылдау орнының жанып жатқан 
жерін анықтауға болады; жақсы иіс сезімі ауадағы кейбір уландырғыш газдар – 
аммиактың, хлордың, көмірсутектің барын тамақ пен судың сапасын анықтайды. 
Зардап шеккендерді сезу көмегі арқылы іздеу затқа тиісумен ақпарат алуға 
негізделеді және лай суда, қарда көруі шектеулі болған жағдайларда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет