Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет16/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
36
Ганс Селье ғалымның қызметінің мотивін Табиғат пен Шындыққа де-
ген шексіз сүйіспеншілік; заңдылықтың сұлулығына таңғалу; құмарлық; 
пайда келтіруге ұмтылу, ынталану; қолдау қажеттілігі; жетістікке риза 
болу; батырларға бас ию және оларға ұқсауға тырысу; жалығудан қорқу деп 
тұжырымдады. Ғылыммен айналысуға талаптанудың ең бір күшті себебі – 
күнделікті бірсарынды «азапты қатаң, жалықтыратын құр бекершіліктен, 
өмірден жалығу», одан құтылу жолын іздеу және өзінің әлеуетін ашу, 
өмірден өзіне лайықты орын алу (А. Эйнштейн және т.б.).
Жүргізілген ғылыми зерттеудегі субъектінің белсенді көзқарасының 
маңыздылығына байланысты зерттеушінің жеке сапасына назар аудара-
мыз. Ғылымдағы көптеген тарихшылар бірінші орынға зерттеушінің жеке 
ғылыми идеясы мен мақсатқа жетудегі көзқарасын, тіпті ол ғалымға ай-
тарлықтай материалдық және әлеуметтік тұрғыда пайда келтірмейтін болса 
да, табандылықпен қорғай алатын батылдығын қояды. Ғылыми фактілерді 
бұрмалауға және жалпылама көзқарасқа ыңғайлап талқылауға жол бер-
мейтін интеллектуалдық тазалығы да маңызды. Қалыпқа бағынбайтын 
және ешкімге бағынышты емес өзіндік ойлау қабілеті, өткір сынды тың-
дау ға дайындығы және түсінбестікті көтере білу ғалымға «Бұл не деген 
сандырақ? Бұл неге ғана керек!» деген сияқты ашынған пікірлерден бас- 
тап, «Мұнда бір нәрсе бар, бұдан бірдеңе шығады», «Мұны кім білмейді?» 
дегендей пікірлер, олардың ұсыныстарын қарастыра отырып, мойындау 
кезеңдеріне сенімді өтуге мүмкіндік береді.
Шығармашылық жұмысқа қабілеттілік – «нағыз игілікке жеткізетін 
және өзінің еңбегіне қанағаттанушылық әперетін адам баласының миына 
ғана тән нәрсе» (Г. Селье), терең де өте бай елестету, қиялдаудың, фак-
тілерді, құбылыстар мен үдерістерді табандылықпен, шыдамдылықпен 
зерттеудің нәтижесінде пайда болады. 
Ақыл-ой сипаттамасына логика, ес, зейінді шоғырландыруға, де рек-
сіз дікке қабілеттілік, этикалық нормаларды сақтау, өзгелерді сендіре білу 
және олардың да пікірімен есептесу жатады. К.А. Раульдің пікірі бойынша, 
ғалымға білуге құмарлық, дарындылық, энтузиазм, ұқыптылық, ынта-ықы-
лас, жауапкершілік, тәртіптілік, жинақылық, сыни көзқарас және өзіне сын 
көзбен қарау, әділдік, бейтараптық, туралық, командада жұмыс істей білу, 
әріптестермен тіл табыса білу тән болуы керек.
Ғалымдардың түрлерін сараптай отырып, Г. Селье өзінің «От мечты к 
открытию. Как стать ученым» атты кітабында төмендегілерді атап өтеді:
«Бөлгіш» екі түршеге бөлінеді: фактілерді ойша елестетудің ең аз мөл-
ше рінен бастап жинаушы; зерттеудің аппараты мен әдістерін және т.б. 
үнемі жақсартуға ұмтылушы және т.б.
«Ойлаушы», «кітап құрты» деп аталатын түршемен айқындалатын экс-
пе рименттік жұмысқа ұмтылмайтын, жақсы топтастырғыш және талдау-
шы, бұлардың көпшілігі жинақтауды (синтездеу) жақсы меңгерген.


37
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
«Сезімтал». Олардың арасында ірі қожайындар; туа біткен көш бас-
шылар; табиғатынан ойыншылар; «балық қаны» – өзін-өзі билеген күмән-
шіл дер; қатып қалған лаборатория қызметкері; эгоцентрист; агрессияшыл 
даукес; өзгенің еңбегін өзіне иемденіп алатын«бірінші дәрежелі озбыр», 
адамзатқа пайда әкелетін ғылым үшін бәріне дайын альтурист және т.б. 
кездеседі.
Автор мінсіз ғалымдардың екі тобын атайды:
«Фауст – мінсіз оқытушы және жетекші». Оған өз мүмкіндігінен гөрі 
зерттеу мүмкіндігінен рахат сезімге бөлену, құлшыныс; өткір байқампаздық; 
темірдей тәртіп; лабораториялық жұмыстың ұсақ-түйегіне дейін назар ау-
дарумен байланысты және оның нәтижесін шығарудағы мейлінше сирек 
кездесетін ерекшелік және қиял. Оны ешқандай сәтсіздік қорқыта алмайды 
және жетістік өзгерте алмайды (аздыра алмайды).
«Фамулус – мінсіз оқушы және қызметкер». Ол интеллект тұрғысынан 
өзінің тәлімгері тәрізді қатты дамыған болмауы мүмкін, бірақ тәжірибелік 
жұмыстарды табандылық танытып, қиыншылықтарға төтеп бере алады 
және оның алдында әлі де өз мақсатын орындауға уақыты жетеді.
Ғылымның құндылығы мен этикасына ықылас-ілтипаттың өсуі оның 
күші мен басымдығының артуымен, мүмкіндігінше тезірек нәтиже беруге, 
экономикалық, ғылыми жаратылыстану, техникалық мәселелерді түбегейлі 
шешуге ұмтылысымен түсіндіріледі. Сонымен қатар К. Ясперс адамдар-
ды оның келісімінсіз экспериментке тартуға болмайтындығы ғылымның 
мәніне ғана емес, адам құқығы мен адамгершілік ұстанымдарына сүйенеді 
деген болатын. 
Ғылыми білім өздігінен этикалық жағынан бейтарап болғанмен, оның 
қолданылуы міндетті түрде этикалық жағынан негізделген. Бұл әсіресе 
техникалық жетістіктерді және генетикалық ғылымды қолдануда тәуекел 
етіп, жүзеге асыруда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге био-
этика, компьютерлік, инженерлік, экологиялық, жаhандық этика және т.б. 
пайда болуда. Ғалымның өзі ашқан жаңалығы бойынша ойланып, ақылға 
салынған шешім қабылдау жауапкершілігі туралы мәселе өте күрделі 
күйінде қалуда. Моральдық тұрғыдан ең дұрыс шешім қабылдау критерийі 
зерттеушінің ар-ұяты болып есептеледі. Мораль және адамгершілік бі лім-
нің, адамдық қасиет пен эстетиканың бірлігін қамтамасыз ете отырып
ғылыми қызметті бағдарлайды.
Зерттеушінің этикасына зерттеушінің әріптестерінің авторлық құқы - 
ғын сақтауы, плагиаттан (көшіріп алу) сақ болуы, зерттеу пәнін кәсіби тұр- 
ғы да жақсы меңгеруі, өтіріктен алшақ болуы, ғылыми нәтижелерді сапы- 
рылыстырып, бұрмалаудан қашық болуы, ойдың еркіндігі жатады.
Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың жетекші ұстанымы нақты 
авторларға, сонымен бірге жүргізіліп отырған зерттеу жұмысын түсінуге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет