Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет27/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
58
Қазіргі уақытта ғылыми қауымдастықта педагогика әдіснамасының 
ғылыми мәртебесі қалыптасты. 
Педагогика әдіснамасының пәні кең мағынада оны педагогикалық 
бол мыс пен педагогика ғылымындағы оның көрінісінің арақатынасы деп 
анықтайды. Педагогика әдіснамасының пәні – тар мағынада педагогика 
ғылымы педагогтардың ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру сипаты мен 
ерекшеліктеріне тәуелді. Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы
педагогикалық құбылыстарды зерттеу қағидалары, зерттеу әдістері туралы 
білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне 
енгізужолдары. Әдіснаманың теориялық жағы негізгі педагогикалық заң-
ды лықтардың анықталуымен байланысты, ғылыми ізденудің бастапқы ал-
ғышарты ретінде, дүниетану қызметіне еніп, педагогикалық зерттеудің қан-
дай философиялық, биологиялық, психологиялық идеялардан құрылғанын 
анықтап, алынған нәтижені дәлелдейді және қорытынды шығарады.
Педагогиканың әдіснамасы оның негізін, базалық сипатын анықтайды. 
Әдіснама негізінде әлеуметтік педагогиканың тұтастай және оның құ ры-
лымдық құрамдас бөліктерінің ғылыми бағытының мәні анықталады. 
Осыған сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практика-
сының өзекті мәселелерін зерттейді.
Педагогика әдіснамасының мәні туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір 
зерттеушілер әдіснаманы: теориялық әрекеттің құрылымы, логикалық 
ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; басқалары – таным 
әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері, шындықты тану және 
қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншілері – күрделі практикалық 
мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы тура-
лы; төртіншілері – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру 
мен құрудың қағидалары, тәсілдері жүйесі туралы, бесіншілері – ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, 
қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды. 
Сонымен, зерттеушілер, негізінен, әдіснама – нақтылы шындықты тану 
мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі. 
Бір ескерте кететін жайт, әдіснамашы ғалымдардың басым көпшілігі 
әдіснамалық мәселелер бойынша тұжырымдарын педагогика саласындағы 
зерттеулері аясында жасады. Сондықтан М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, 
В.В. Краевский, В.И. Загвязинский және басқалар дидактикада да, әдіснама 
саласында да ғылымға қомақты үлес қоса алды. Осы кезеңде дидактика-
лық зерттеулердің типтері мен әдістері М.Н. Скаткиннің «Педагогика-
лық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі» атты монографиясында
(1986 ж.), В.И. Загвязинскийдің «Дидактикалық зерттеулердің әдіснамасы 
мен әдістемесі» атты кітабында жан-жақты қарастырылды. Сол себепті біз 
бұл ғалымдардың еңбектерін зерделегенде оларды әрі дидакт, әрі әдіснама 
саласының майталмандары деп таныдық.


59
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
1969–1992 жылдар аралығында өткізілген педагогика ғылымының 
әдіснамасы мен зерттеу әдістемесіне арналған Бүкілодақтық әдіснамалық 
семинарларда педагогика теориясының жасалуы, педагогикадағы жүйелілік 
тұғыр, теориялық зерттеулердің тиімділігін арттыру, тәрбиенің әдіснамалық 
негіздері, педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық экспериментті 
ұйымдастыру, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, үздіксіз білім беру 
мәселелері кеңінен талқыланып, ғалымдар нақты тұжырымдарды ғылым 
мен практикаға ұсынып отырды. Осы тұста педагогиканың ұғымдық-
түсініктік аппараты жасала бастады.
Педагогикалық зерттеулер – бұл ғылыми шығармашылық емес, сон-
дай-ақ белгілі бір нормативтік талаптарға сай іс-әрекеттер. Осыған сәй-
кес әдіскерлер нақты педагогикалық зерттеулерді сапалы түрде талдап 
оқып-үйренуді ұйымдастыру барысындағы басты мәселе ретінде ғы лы-
ми-педагогикалық әрекеттердің жалпы теориясын құрайды, ол жеке та-
ным дық және тәжірибелік қайта өзгерту әрекеттерін түсіндіріп беріп, осы 
теорияның алғышарттарының зерттеу тәжірибесін анықтап бере алады. 
Осында педагогикалық әдіснаманың тікелей тәжірибелік маңызы бар жә не 
ол педагогикалық ғылым танудың құрамында арнайы пән болып табы ла-
ды. Ғылыми-педагогикалық әрекет теориясының даму нәтижесінде тө мен-
дегідей педагогикалық әдіснаманың құрылымы пайда болды:
– педагогиканың даму әдіснамасы педагогикалық тәжірибемен ұш-
тас қан ғылыми жүйеліліктің педагогикалық танымы және қайта өзгертумен 
өзара байланысты;
– педагогикалық зерттеудің әдіснамасы;
– педагогикалық жобалаудың әдіснамасы.
Педагогикалық әдіснаманың эвристикалық әлеуеті қазіргі кезеңде кі-
рік тірілген үрдістермен көбірек байланысты болғандықтан, жүйелі қолдану 
мәселелері маңызды болып, ғылыми-педагогикалық тәжірибеде жүйеленген 
тәсілдеме арқылы әдістемелік бағыттардың жүйеленген шешімдерін шы-
ғару арқылы ғылыми ізденістерді және педагогикалық зерттеулердің жүйе-
лі түрде ұйымдастырылуын қажет етеді. 
Ғалымдар ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру мә-
се лелерін тиянақтады. Кейін 1994 жылдан бастап семинар Бүкіл ресейлік 
мәртебеде педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық бағдарлары, әдістері, 
диссертациялық зерттеулердің әдіснамасы, педагогиканың ғылыми тілі мен 
педагогиканың философиялық-әдіснамалық мәселелерін талқылады.
Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының 
үдерісін талдаудан туындайды, теориялық талдау және жинақтау, соны-
мен қатар педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және бас қа-
ру теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қол да-
нады. 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
60
Сонымен, ғылымның әдіснамасы – бұл қағидалар, қорытындылар, 
ұс танымдар, танымдық әдістер арқылы түрлі жағдайлар тоғысында шын-
дықты бейнелеу ақиқатын зерделеп түсіндіретін ілім. Кез келген әдіс на-
ма лық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар негізінде 
алынған бастапқы әдіснамалық тұжырымдамада жүзеге асады. Адамның 
танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қа-
лып тастыру – философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, 
ак сиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы тү сі-
ніктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет