Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет29/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
62
педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық бол-
мысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және 
тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ осындай білімдерді алу мен 
зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапасын 
бағалауды негіздеуге бағытталған әрекет жүйесі.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін анықтауда 
философияның әлеуетін толығымен пайдаланған жөн.
Қазір зерттеудің жалпы әдіснамалық қағидаларын, әдіснаманың құ-
рылымын және оның нақты психологиялық-педагогикалық зерттеу лердегі 
қызметтерін қарастырған абзал. Бұл сұрақтарға жауаптар да біркелкі ма-
ғы нада емес. Әдіснаманың бірнеше деңгейін қарастырып өттік. Енді әдіс-
наманы әдіснамалық талдаудың түрлі деңгейлеріне сай бөлшектеп қарас-
тыру қажет.
Жалпы алғанда, философиялық және арнайы ғылыми әдіснаманы бө-
ліп зерделейді. Біріншісі философияның жеке бөлімі түрінде берілмейді: 
философиялық білімнің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметтер атқарады. Со-
нымен, әдіснама дегеніміз – зерттеу міндеттерін, нақты ғылым мәселелерін 
шешуде жалпы қағидалар мен теорияларды пайдалану болса, онда бұл 
ұстанымдардың жалпыламалылығы әртүрлі. Мұндай жағдайда жалпылама 
қағидалар, заңдар, категориялар туралы айтуға болады. Олар философиялық 
сипатта болады, соған сәйкес, диалектика әдіснаманың жалпы деңгейін 
көрсетеді де, әдіснаманың ядросы, өзегі болып табылады.
Нақты ғылымның өзегі – осы ғылымның зерттеу әдістері жүйесімен 
бірге зерттеудің тікелей әдіснамасы. Психологиялық-педагогикалық зерт-
теу лердің әдіснамалық қағидаларына сипаттама берген жөн. 
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің тиімді жүргізілуі үшін 
теория мен тәжірибенің бірлігі қағидасы үлкен рөл атқарады. Тәжірибе – 
теорияның ақиқаттығының өлшемі. Теория практикаға жол ашуы керек. 
Келесі әдіснамалық қағида – зерттелетін мәселені нақты тарихи тұғыр 
арқылы қарастыру. Зерттеу барысында жаңа деректерге, құбылыстарға дә-
лелді түсініктемелер беру, қалыптасқан көзқарастарды толықтыру, нақ ты-
лау орынды. 
Зерттелетін мәселенің шығармашылық тұғыры психологиялық-педа-
го гикалық құбылыстарды зерделеудің объективтілік қағидасымен тікелей 
байланысты. Бұл қағиданы нақты іске асырудың әдінамалық негізі – 
тұлғаны зерттеу кезіндегі адамдардың әлеуметтік мәні бар практикалық 
әрекеті. 
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің табыстылығы психоло гия-
лық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерделеудің жан-жақ-
тылығы қағидасына бағынышты. Бұл қағида құбылыстарды кешенді түрде 
қарастыруды талап етеді.


63
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеу-
дің тағы бір қағидасы – тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Нысанды, 
яғни объектіні тану оның даму логикасын, тарихын елестетеді.
Зерттеудің тағы бір қағидасы – жүйелілік, демек зерттелетін нысанды 
жүйелілік тұғыр негізінде зерделеу. Жүйелілік тұғыр жүйенің құрылымын 
және оны басқарудың қағидаларын анықтайды.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде диалектиканың катего-
рия лары (мән және құбылыс; себеп және салдар; қажеттілік және кез дей-
соқтық; мүмкіндік пен шындық болмыс; мазмұн және форма және т.б.) 
маңызды әдіснамалық рөл атқарады. Диалектиканың категориялары пе-
да гогқа білім беру үдерісінің күрделі мәселелерін шешуде сенімді әдіс на-
малық құрал болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеуде диалектиканың 
заңдарынан туындайтын әдіснамалық талаптарды орындау да қажет. Қа-
ра ма-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы қайшылықтар (ішкі және 
сыртқы және т.б.) арқылы көрінеді. Психология мен педагогикада тұлға 
дамуының қайшылықтары жүйеленген (сыртқы факторлар арасындағы 
қайшылықтар; сыртқы және ішкі факторлар арасындағы қайшылықтар; іш-
кі қайшылықтар арасындағы қайшылықтар).
Диалектиканың сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналу заңы 
кез келген психологиялық-педагогикалық құбылыстарды олардың сапалық 
және сандық сипаттамаларының бірлігінде зерттеуді талап етеді.
Теріске шығаруды теріске шығару заңы ескіні алып тастау мен жаңаны 
орнату дамудың сатылы кезеңдерінде жүзеге асады, теріске шығарудың өзі 
прогрестің алғашқы сәті болып танылады.
Бүгінгі күні өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылық бағдар-
лар қалыптастыру мәселелерінің басты назарда болу себебі де сол, осы 
мәселелерді шешу адам болмысының сипаты мен оның даму бағытын, 
қоршаған әлеммен қарым-қатынасын белгілейді. Тәрбиедегі ең маңызды 
әдістердің бірі – сендіру әдісіне ерекше тоқтала кетейік (кейбір ғылыми 
әдебиетте бұл сөздің «көзін жеткізу» «иландыру», «нандыру» синонимдері 
де қолданылып жүр). Оның мағынасы – қалыптасып келе жатқан тұлғаның 
сана-сезімінің дамуы барысында оған адамгершілік нормалары, мінез-
құлық пен қоғамда өзін-өзі ұстау және әлеуметтік қарым-қатынас ере же-
лерінің мәнін жан дүниесіне жеткізе отырып (эмоционалды түрде) тереңнен 
түсіндіру. 
Ғылымның түрлі саласында қолданылатын «тұғыр» термині күр де-
лі пәнаралық ұғымды білдіреді. Педагогика теориясы мен тәрбие әдіс те-
месінде ғылыми әдіснамалық тұғыр қандайда бір мәселеге қатысты зерт-
теуші-педагогтің қолданатын тиісті ұстанымдарын, практик-педагогтің 
педагогикалық, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін реттейтін әдіснамалық бағдары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет