1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
10
Ғылым – тарихи жағдайда пайда болған,
яғни өркениеттің қа лып та-
суымен байланысты қоршаған ақиқатты тануды қамтамасыз ететін, оның
тиімді негізде жетілуі және адамның кез келген әрекетін орындау барысын-
да тиімді шешім қабылдауды ұйымдастыратын және тұлғаның зияткерлік
әлеуетін жұмсай отырып, арнайы құрал – эмпирикалық тәжірибе мен тек-
серуге сүйенген ойлау амалдарын жетілдірудегі тамыры терең адамзат
әрекетінің аумағы.
ХХ ғасырда ғылым адамзаттың ең жоғары құндылығы болып табыла-
ды. Сциентизм (лат.
scientia – білім, ғылым), ғылымдағы дүниеге мәдени
көзқарас тұрғысынан мойындай отырып, ғылымның рөлін абсолюттендіреді,
ғылыми критерийлерді адамзаттың дүниемен қарым-қатынасының барлық
түріне тарата отырып, жаратылыстану және техникалық ғылымдар әдіс те-
ріне, математикаландырылған жаратылыстануға сүйенуді ықпалды түр де
талап етеді. Оны жақтаушылар тұрмыс пен оралымды жайлылықты, бас-
қа рылымды, адам өміріндегі жетістіктерді көтеретіндей етіп өзгертуді
ұсынады және ғылымның адамзат
өміріндегі экономикалық, әлеуметтік-
саяси мәселелерді шеше алатынына сенеді.
Антисциентизм оған қарама-қарсы көзқарасты ұстайды. Ол ғылымның,
ғылыми жаңалықтардың (ғылыми инновацияның) бәрін тегіс қамти алатын-
дай мүмкіндігіне сенімсіздік танытады, ғылыми-техникалық революцияның
зардаптары мен технократия қауіптерінен сескенеді және адам өміріндегі
адамгершілік, өнер, діни, рухани құндылықтардың,
адамның сезімі мен
күйзелістерінің маңыздылығын алға тарта отырып, дәстүрлі құндылықтарға,
іс-әрекет амалдарына қайтып оралуды талап етеді.
Айқын емес білім туралы тұжырымдаманың авторы М. Полани сциен-
тизм адамның ақыл-ойын шіркеуден де артық тұйықтап, тіпті маңызды
ішкі сенімдерімізге де орын қалдырмастан, терминдермен қымтап тастауы
мүмкін екенін айтады.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: