73
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
аксиоматикалық; этнопедагогикалық; этнографиялық; ақпараттық; мәндік;
болжамдық және т.б.) көрсетеді.
Педагогика мен мәдениеттанудағы әдіснамалық тұғырларға сүйену
әлеуметтік-педагогикалық құбылыс, жалпы мәдени өрістегі педагогикалық
әрекет ретінде мұғалімнің
зерттеу мәдениетін қарастыруға, білім мен мә-
дениеттің ықпалдасу арнасында педагогиканың фактілері мен құ бы лыс тарын
зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, қайта жасаушы әрекет, ма те риалдық
және рухани құндылық ретінде мәдениетті қарастыратын қазіргі ғылым ту-
ралы тезис есепке алынады. Бұл қоғамның барлық мәнді күштерін тәрбиелеу
мен дамытудың, мақсаты және мазмұнының негізіне алынатынын көрсетеді.
Міне, осы жерде білім беру мен мәдениеттің жанасу нүктесі бар.
Педагогтің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға қатысты әдіснамалық
тұғырларды іздеу және айқындау барысында осы саладағы ТМД елдерінің,
оның ішінде Қазақстан ғалымдарының ұстанымдары басшылыққа алынды.
Осы мәселеге қатысты әдіснамалық тұғырды мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекетінің ғылыми негізделген басты нормасы ретінде анықтауға болады.
Ол педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үдерістің жұмыс
істеуін оңтайландыру мақсатында ізделіп отырған қасиетті қалыптастыруға
бағытталған. Бұл жерде басты бағдар болып мәдениеттанымдық, аксио ло-
гиялық, синергетикалық және инновациялық тұғырлар болып табылады.
Ал инновациялық тұғыр педагогикалық қауымдастықты жаңа әлеу меттік-
мәдени жағдайды қабылдау мен ұғынуға бағыттайтын білім пара диг ма сы-
ның ауысуы жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетінің теориясы мен
практикасын ұғынуға мүмкіндік береді.
Гуманитарлық ғылым ретінде педагогика әлеуметтік-гуманитарлық
ғы лымның қалыптасып келе жатқан жаңа парадигмасы мен олардың әдіс-
на масын түсіндіруді талап етеді.
Ғалымдар жүргізген зерттеулерге жүгінсек, әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдардың жаңа парадигмасын қалыптастыру бағытындағы төмен де гі-
дей негізгі белгілерді ажыратып көрсетуге болады:
– жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдардың жа-
қындасуы, олардың әдіснамалық бағытта бірін-бірі толықтыруы;
– қарама-қарсы тұжырымдық-әдіснамалық бағыттардың өте тығыз
жақындасуы мен өзара байланысы;
– гуманитарлық ғылымдардың өз ішіндегі
ғылыми рефлексияның
шұғыл артуы;
– әдіснаманы түсіндіретін мәдениет және герменевтика аппарат та-
рының кеңінен енуі; синергетикалық әдістердің әлеуметтік таным идея-
ларына белсенді енуі, осы себепті статистикалық-ықтималдау әдістерінің
көбірек қолданылуы; әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасын құрудың
тиімді жолы – барлық және кез келген әдіснамалық бағыттың тұтас бірлігі.