75
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
мендік, өркениеттік, этнопедагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, диаг-
нос тикалық, жобалаушылық, гуманистік, этномәдениеттілік, индуктивтік,
де дуктивтік, экономикалық, риторикалық, социологиялық және т.б. ба ғыт-
тар екенін пайымдаймыз.
Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен педагогикаға өз мәртебесін нақты
негізделген әдіснамалық тұғырлары бар толыққанды гуманитарлық-
ғылыми пәннің дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік беретін әдіснамасының жа-
ңа қалыптасқан парадигмасын ұғыну қажеттілігі көрініп тұр. Бұл тұғырлар
пе дагогика ғылымы мен практикасын дамыту және болжау әдістері ретінде
де қолданылуы мүмкін.
Әдіснамалық бағдарлардың қатарына педагогикадағы теориялық және
практикалық әрекеттердің бағдарламасын ұсынатын әдіснамалық тұғырлар
мен әдіснамалық қағидалар енеді. Әдіснамалық бағдарлар педагогикалық
зерттеу мәселесін алға қоюда ғылыми негіздеме үшін
және әдістер мен
оны шешу жолдарын таңдау үшін, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін са-
раптау шегін анықтау және олардың объективті, ғылыми дәлелденген ба-
ғалауының өлшемдерін іздеу үшін керек. Олар тұжырымдамаларды әзір-
леу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасын құру үде-
ріс теріндегі зерттеушінің ғылыми іс-әрекетін өзі реттеуі үшін негіздеме
бола алады; зерттеушінің ғылыми ойлау бейнесі мен құрылымына, зерт-
теу дің ұғымдық-категориялық аппаратын таңдауға және ғылыми мәтіннің
тіліне әсер етеді; типологияны құруға негіз бола алады, сонымен қатар пе-
дагогикалық шынайылықты ғылыми танудың нақты үлгілері мен түр лерін
көрсетеді.
Ғылымда әдіснамалық тұғыр табиғи
немесе әлеуметтік шындықтың
қандай да бір нысанын тану немесе қайта құру үдерістерінде қолданылатын
ұғымдардың, идеялардың, үлгілер мен тәсілдердің кешенін түсіну деп ай-
тылады. «Тұғыр» ұғымын, оның әдіснамалық мағынасында зерттеуші әре-
кетінің ғылыми негізделген тәсілі ретінде анықтауға болады. Философия
макрообъектілерді зерттеуде үш әдіснамалық тұғырды пайдаланады: құ-
рылымдық-қызметтік тұғыр әлеуметтанудан алынған, құрылымдық тұғыр
лингвистикадан, жүйелік тұғыр жаратылыстанудан алынған. Осы тұ ғыр-
ларды педагогикалық түсіндіру пәнаралық әдіснаманы жасау факторы бо-
лып табылады.
Әрбір әдіснамалық тұғырдың негізінде педагогикалық нысанды тану
немесе қайта құрудың іргелі идеялары жатыр, сондықтан зерттеу тәртібіне
сай әр педагог өзі таңдаған ғылыми тұғырдың ережесін ұстануы керек.
Таңдалған басты ғылыми бағдарға сәйкес, ол өз табиғатына қарай әртүрлі
– қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, зерттеуші педагогикалық
шын дықты тиісті тұғырдың ұғымдарына және теориялық біліміне сай тұ-
жы рымдайды. Әдіснамалық талаптардың
құрамында педагогикада тео-