81
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Білім беруді тұлғаның өзін-өзі өз өмірінің мағынасы, мақсаттары мен
ресурстары арқылы құндылықты анықтау деп қарастыратын әдіснама ре-
тіндегі аксиологиялық тұғырдың қолданбалы міндеттерін құрастыра алу,
тұғырдың әлеуетін белгілі бір адамгершілік-сезімдік ахуал, араласудың
ерекше ортасын құру, сондай-ақ жеке және топтық шығармашылық әре-
кет ті ұйымдастыру арқылы көрсете білуге ерекше мән берілуде.
Білім беруді тұлғаның белсенді пәндік әрекеті,
әлемді тану мен өз-
гер тудің белсенді әдістері, басқа адамдармен белсенді араласу арқылы
негіздейтін әрекеттік тұғырдың әдіснама ретіндегі қолданбалы міндеттерін
құрастыра алу, тұғырдың қағидаларын педагог пен баланың әрекет түрлерін
еркін таңдауы, бірлескен әрекетте жағымды нәтижеге қол жеткізуі арқылы
жүзеге асыра алу жоғары бағалануда.
Адамды мәдениеттің ерекше әлемі, ал оның білім алуын мәдени құн-
дылықтар жүйесімен өзара әрекеттесу арқылы қалыптасатын жасам паз-
дықты, жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің байлығын көрсететін
әдіснама ретіндегі мәдениеттанымдық (мәдениетке сәйкестік) тұғырының
әлеуетін бағалай алу, тұғырдың ұстанымдарын,
мәдениет жетістіктерін
(мәдени құндылықтарды) білім беру үдерісіне ендіру, балалардың мәдени
әрекетіне жағдайлар жасау арқылы іске асыра алу қолға алынды.
Адамның тұтастығын, яғни оның рухани (мәдени), әлеуметтік және
тәндік (табиғи) бөлінбейтіндігін мойындайтын, ал білім беруді – адамның
өз табиғатының шығармашылық және жауапкершілік сияқты сапалары
деп танитын әдіснама ретіндегі антропологиялық тұғырдың теориясын
меңгеру, тұғырдың әлеуетін табиғат, қоғам және тұлға дамуының жалпы
заңдылықтары мен динамикасына сәйкес әрекеттік белсенділік негізінде
балалармен жұмысты ұйымдастыру арқылы қалыптастыру зерттеушілердің
назарында болуы тиіс.
Білім
беруді тұтасымен, сондай-ақ оның қатысушыларын (педагог,
бала) өзін-өзі дамытатын жүйелер деп қарастыратын түсінікті негіздейтін
әдіснама ретіндегі синергетикалық тұғырдың, сонымен бірге баланың
болашақта дамудың шыңына жетелейтін қалыптасуының әрбір кезеңінің
маңызын дәлелдейтін әдіснама – акмеологиялық тұғырдың мүмкіндіктерін
түсіне алу қажет.
Гуманистік тұғырлардың қызметтерін кіріктіре білу, ғылыми зерт теу-
лердегі гуманистік тұғырлардың жүзеге асырылу салаларын нақтылай алу
заманауи жастардың рухани-адамгершілік жаңғыруы мәселесінің жоғары
деңгейдегі зерттелуін қамтамасыз етеді.
Педагогика ғылымының замануи даму кезеңі жаңа идеялардың, тұ-
жы рымдамалардың, бағыттар мен ағымдардың жариялығымен сипаттала-
ды. Педагогика ғылымдарының ортақ аясында әртүрлі тұғырнамалық бағ-
дарлар бірлесе өмір сүрсе, олар
стратегиялар мен әдістерді, зерттеу бағ-
1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
82
дарламалары мен ғылыми ізденістерді жүргізуге сипаттама жасаудағы таң-
дауларға әсер етеді. Бұл жағдай педагогикадағы әрбір зерттеушінің өзіндік
бағдарын қалыптастыруға әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда негіз ретінде
педагогикалық модель немесе тұжырымдамалар қарастыру арқылы әдістер
немесе қағидалар, эксперименттерді ұйымдастыру мен педагогикалық
жаңалықты сипаттауда басшылыққа алу қарастырылған. Педагогикалық
жаңа тұғырнамалық бағдардың шығу себебін білу өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: