1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
88
Айталық, К.Д. Ушинский тапқан фактілер осы
уақытқа дейін өзгеріссіз
келіп жетті. Оларды пайдалануға, тірек етуге болады. Бүгінгі педагогикада
осы көзқарасты жақтаушылар да баршылық.
Педагогикадағы фактуализм теорияны жасауда ғалымды басқа жаққа
жіберіп, фактілерді ашушы ғалымға жолды босатады. Мұндай ғалымның
пайымдауынша, фактілер ғылым оны табуға ұмтылыс жасағанға дейін де
объективті өмір сүрген дейді.Теоретизм бағытындағы ғалымдар фактілер
сезімдік түсініктер екенін жоққа шығармайды. Олар фактілерді теориядан
бөліп қарастырмайды. Фактуалистерден өзгеше теоретиктер фактілерді
ғылыми теорияға тікелей бағынышты түрде қарастырады.
Бұл бағыттың танымал мысалы – Т. Куннің тұжырымдамасы. Ол өзінің
«Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде фактілер теория-
мен тығыз байланыста, фактілердің пайда болу себебінің өзі теориямен бай-
ланысты деп дәлелдеді. Т. Кун жүйелі түрде фактілерді іздестірудің және
табудың өзін ғылыми теория анықтайды деген ойын жеткізді. Осындай
көзқарасты, яғни теория мен фактінің байланысын ғылым әдіснамашысы
П. Фейерабенд те қолдайды [122].
Теоретизм фактінің теорияға бағыныштылығын қатаң ұстанады.
Олардың ойынша, әрбір нақты теория өзіне сәйкес нақты фактілерді табуға
себеп болады. Екі түрлі теорияны зерттеу жұмысында пайдаланғанда
әртүрлі фактілерге әкеледі. Фактілер ғылыми теорияға қарсы тұра алмай-
ды, олар өз бетінше өмір сүре алмайды. Әрине, ғылым фактілерсіз болмай-
ды. Фактілер білімнің эмпирикалық және теориялық жүйелерінің негізінде
жатыр. Фактілер эмпирикалық болмысты ақпараттық (тілдік) құралдармен
(мәтіндермен,
формулалармен, суреттермен, слайдтармен) сипаттайды.
Ғылыми фактінің табылуының күрделі құрылымы бар. Ғылыми фактіні
анықтау үдерісінің құрылымында төрт бөлік бар:
– объективті үдеріс; оқиға, қажетті тіркеу;
– табылған үдерісті, оқиғаны қажетті тілдік көрсетілімде бейнелеу;
– фактіні табу үшін қолданбалы құралдар пайдалану (құрал дәуірдің,
тарихи уақыттың танымдық мүмкіндігін көрсетеді);
– фактіні табу және түсіндіру мақсатында теориялық құралдарды пай-
далану (құрал уақыттың дүниетанымдық, мәдени-әлеуметтік көзқарастарын
нақты, теориялық абстрактілік бастапқы қағидалармен көрсетеді).
Педагогикада фактіні табу басқа ғылымдардағы сияқты үдеріс.
Педагогикалық теория құрылымындағы ғылыми деректер.
Әдіскер-
тарихшылардың пайымдауынша, оқу үдерісінде оқушылар дерек, құбы-
лыс, оқиға, үдеріс секілді категорияларға сүйене отырып, тарихи білім эле-
менттерін меңгереді. Олар әдетте оқиғаның мәнін ашады, оларды салыс-
тырады. Әдіснама туралы әдебиет пен тарихқа қатысты ғылыми зерттеу
әдістемесінде тарихи зерттеудің мәні мен орны сипатталады.
Тарихи дерек
89
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
– тарихи білімнің іргелі категориясы. Тарихи ғылымдар үшін дерек мәселесі
салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Белгілі бір ғылыми категория
ретінде «дерек» тек ХХ ғасырдың басында ойға алынды. ХІХ ғасыр та-
рихшылары дерек ұғымына тарихи деректерден алынған берік орныққан
білімді белгіледі.
Сөйтіп, жоғарыда баяндалған тұжырымдарды педагогикалық кеңіс тік-
ке
тасымалдайтын болсақ, ғылыми дерек біздің санамыздағы белгілі бір
құбылыстың бейнесі болып табылады. Ол таным субъектісі мен нысанының
түйіскен жерінде туып, ғылыми білім жүйесіне қосылады. Ғылыми деректер
өзгереді, зерттеудің ауқымына, зерттеушінің көзқарасына байланысты пай-
да болады және жоғалады. Оларды таңдау зерттеушінің тұжырымдамалары
және ғылыми тұғырнамасына байланысты. Егер эмпирикалық деңгейде
алынған ғылыми деректер алға қойылған зерттеу мақсатының аясындағы
ғылыми сипаттамасы болса, ол жүйені теориялық түйсіну
оның ғылыми
түсінігін береді.
Ғалымдардың пікірінше, психологиялық немесе педагогикалық дерек
деп жеке бірнеше рет немесе сенімді түрде тіркелген қоршаған ортаның
әсері мен жеке тұлғаның даму факторын есептеуге болады. Дерек ретінде
жалпылау ішіндегі жекелеген теориялар, тәрбиенің әртүрлі сатысындағы,
әртүрлі тәрбие жүйесіндегі жалпылама инварианттар (түпнұсқалар) көрінуі
мүмкін. Ғалымдардың есептеуінше, өмірде бар түсініктемелердің аясы-
на сыймайтын деректердің жиналуына қарай жаңа теорияның шығуына
қажеттілік туындайды. Мұнда ғалымдар ғылыми айналымға «бастапқы де-
рек» және «құнды дерек» ұғымдарын енгізіп, педагогикалық деректерді тал-
дау мен ой елегінен өткізудің төмендегідей алгоритмін ұсынады. Бастапқы
дерек
өмірде бар, бірақ бізді қанағаттандырмайтын жағдайды көрсетеді,
тіркейді. Бастапқы педагогикалық деректерді талдап, бағаланғаннан кейін
зерттеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі ережелерін (посту-
латты, аксиоманы) айқындап, тіркеген дұрыс. Одан соң негізгі бастапқы
деректі негізгі ереженің сүзгісінен өткізіп, оны басқаша (қалауы бойынша)
өзгертуге тырысу керек. Мұнда бастапқы деректі құнды, қалаулы дерекке
ауыстырудың тетігін, құралдары мен тәсілдерін іздестіру үдерісі жүреді.
Осыдан қайта құру идеясы туады.
Барлық ғылыми мәліметтер негізгі дерек болып табылады, сондықтан
ғылыми деректерді дәл бақылау мен эксперимент арқылы жинақтау қажет.
Бірақ дерек бастапқы тұжырымдама тұрғысынан ғана ғылыми дерекке ай-
налады. Сондықтан орыс физиологы И.П. Павловтың «дерек – ғылымның
ауасы» деуі заңды. Берілген тұжырымдаманы талдау деректер нысанының
көкейкесті жағдайымен сәйкестендіріледі деген ойға алып келеді. Он-
дай жағдайда әңгіме нысанның көкейкесті жағдайын жасауға мүмкіндік
беретін нақты деректер туралы болады.
Тарихи зерттеулердегі секілді,