93
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
Теорияның маңызды бір қызметі –
болжамдау, түсіндіру үлгісі жал-
пы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау болашаққа
бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды рөл атқарады. Білім беру
әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-
әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогикада ғылыми педагогикалық
алдын ала болжау жүргізіледі. Білім берудегі алдын ала болжауда ста тис-
ти калық өлшемдер пайдаланылады. Қазіргі педагогикада ғылыми болжау
– логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақ ты
көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педа го-
гикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау бо ла-
шаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап
рә сім. Сипаттау, түсіндіру және болжау – ғылыми теорияның қызметтері.
Түсіну дегеніміз – құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру –
бар нәрсені, ал болжам – не
болатынын, түсіну – не болуы керек екенін
білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну – ғылым зерттейтін
ны сандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада
түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу,
оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тәжірибесін шығармашылық ар-
қылы қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені
қо рытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жос-
парын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар
ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының
тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе,
практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез келген
теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі.
Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Фи-
лософия – білімдердің даму сатыларының әдіснамасының негізі, уақыт өте
келе
қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері
жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін са-
ласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы
ұйымдастыратын бастауға айналып отыр.
Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа,
объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет
пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді. Ғылыми
зерттеудегі әртүрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге ай-
налып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік
диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен
түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып,
зерттеушіні зерттеу мәселесіне
тарихи талдау жасауға, оның дамуының