99
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
да жаңаны алдын ала көре алатындай болу керек. Зерттеу болжамы
егер...,
онда..., өйткені... деген сөздермен байланысып құрылады.
Зерттеудің міндеттері:
зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу,
анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста
тексеру тұрғысында құрылады.
Ғылыми ізденістің тиімділігіне көбінесе зерттеу кезеңдерін дұрыс
тізбектей орналастыра білу және олардың нақты қадамы шынайы нәтижеге
жеткізуі, яғни зерттеу логикасы себепші болады.
Дидактикалық зерттеулер – педагогика ғылымы мен педагогикалық
практиканы байланыстыратын тізбектің органикалық бөлігі. Дидакти-
ка – педагогика ғылымының қоғам дамуының
белгілі кезеңдерінде ал ға
қойылатын аса жауапты міндеттерді шешу барысында үнемі дамып оты-
ратын, білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заң ды-
лық тары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны
ұйымдастыру әдістері мен
формаларын және технологиясын, оқыту нә-
ти желілігін зерттейтін құрылымы қалыптасқан маңызды да күрделі сала-
сы. Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы орта
білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын
жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге
қол жеткізу үшін құнды болып табылады.
Өзінің 300 жылдық даму тарихында оқытудың мәнін ашатын көптеген
дидактикалық тұжырымдамалар пайда болды. Олардың бәрі де осы кезге
дейін мектептерде білім беру мен тәрбиелеу тәжірибесіне үлкен ықпал етіп
келді және әлі де ықпал ете береді. Дидактикалық тұжырымдаманың мәні
мен мазмұнын сипаттау үшін оны жіктеу қажеттілігі туындайды. Мұндай
жіктеудің негізі жалпы дидактиканың зерттеу пәні ретінде есептелетін оқу
үдерісі болып табылады. Бұл жөнінде көптеген ғалымдар өз көзқарастарын
білдірді. Осыған сәйкес, дидактикалық тұжырымдама үш топқа бөлінеді:
дәстүрлі, педацентристік және қазіргі заманғы дидактикалық жүйе. Әр
топтың өзіндік теориясы мен белгілі бір бағыттары бар. Солардың бірі
(Ч. Куписевич, П.И. Пидкасистый бойынша) дидактикалық зерттеулердің
басты пәні сабақ беру үдерісі (дәстүрлі дидактикалық жүйе)
және тәрбие
үдерісі (педоцентристік жүйе) немесе оқыту үдерісі (дидактиканың қазір-
гі жүйесі) болатынына тәуелділігіне байланысты жүзеге асады. Басты рөл ді
сабақ беру мәселесі алатын дәстүрлі жүйеге Я.А. Коменскийдің, Песта лоц ци-
дің, А. Беллдің, Д. Ланкастердің, И.Ф. Гербарттың тұжырымдамалары жатады.
Оқушы іс-әрекетіне басымдық берілетін педоцентристік жүйеге
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Д. Дьюи, Г. Кершенштейнер және В. Лай тео-
риялары жатады.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бірлікте.
Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, мәселелеп