121
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
дары КСРО Педагогика ғылымдары академиясында
ғылым мен прак ти-
каның өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді ұйымдастыру мақ са тын да
Үйлестіру кеңесі құрылып жұмыс істеді.
Зерттеудің көкейкестілігін ғылыми қауымдастық бұрын зерделенбе-
ген («ақ таңдақтар») тақырып бойынша орындалғанда ғана мойындайды.
70-90 жылдары зерттеу тақырыбының өзектілігінің басты белгісі оның
ізденуші қызмет ететін ұйымның ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына
немесе ғылыми-зерттеу жұмысының мемлекеттік жоспарына енгізілуі еді.
2003–2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясын-
да педагогика саласындағы зерттеулер тақырыбына елеулі өзгерістер жа-
саумен Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы айналысты. Бірақ әртүрлі
ғылыми бағыттардың аясындағы, сондай-ақ кейбір ғылыми жетекшілердің
тақырыптағы өзгеріспен келіспеушілігінен білім беру жүйесін жаңартудың
көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми
мектептер құру идеясын әрі
қарай іске асыру мүмкін болмай, ақырында Ғылыми-әдістемелік үйлестіру
орталығы таратылды. Өкінішке орай, тақырыптардың қайталануы, кішігірім
тақырыптардың орын алуы, бір ғалымның әртүрлі тақырыптарға жетекшілік
етуі қажетті мәселелерді терең ойластыруға кері әсерін тигізіп келеді.
Сондықтан да қазіргі уақытта тақырыптың ғылыми-зерттеу жұмысының
жоспарына тән болу белгісі өзінің өзектілігін жойды деуге болады. Мыса-
лы, 2006 жылы мамыр айында Міржақып Дулатовтың педагогикалық идея-
ларын жүйелеуге арналған екі диссертация қорғалды (Алматы, Шымкент).
Бұл жұмыстардың деңгейлері жоғары болды. Әрине, біз бір тақырыптың
өзін әртүрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан зерттеуге болатынын жоққа
шығармаймыз. Дегенмен екеуінің дерекнама базасы ортақ болғандықтан,
ізденушілердің ұқсас қорытындыларға келуі ықтимал.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы көптеген жобалар мен есептерді,
диссертацияларды және авторефераттарды
талдау нәтижесінде ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің негіздемелерінің құрылымын және олардың
өзектілігін бағалауға қойылатын талаптарды бөліп қарастыруға мүмкіндік
туады.
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі – ғылыми зерт-
теу лердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылымның және
практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға
деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді. Көкейкестілік
өлшемі оқытудың және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын әрі қарай
дамыту мәселесін зерделеп, шешудің
қажеттігі мен уақытын нұсқайды,
қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы
қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзек ті-
лі гін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғы-
лым тануда бағыт – даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп – ор-
2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
122
тақ мақсатпен, дүниетанымының
бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен
жұ мыстар тобы. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың құ-
ры лым дық бірліктеріне кешенді мәселелері:
тақырыптар және ғылыми
сұ рақтар жатады. Кешенді мәселе – бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы;
мә селе – қоғамда шешімін табу қажеттілігі бар сәйкессіздіктен туындаған,
күр делі теориялық және практикалық міндеттер жиынтығы.
Негізінен, алдымен сәйкессіздік, содан соң мәселе анықталады, ал мә-
селеге жауап ретінде тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мә-
селені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу
та қырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (10-кестені
қа раңыз).
10-кесте
Достарыңызбен бөлісу: