147
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
теориялық білімінің артуын қамтамасыз етсе,
екіншіден, жеткіншектердің
әлеуметтік қатынастарға енуіне себепші болады.
Сонымен қатар оқу іс-
әрекеті қосымша алғашқы нәтиже ретінде ғана адамның жаңа білімдер мен
икемділіктері немесе ескі білімдері мен икемділіктерін пайдалана отырып
дамиды. Ал оқу іс-әрекетін қалыптастыру – объект-субъект қатынасында
жүзеге асатын ерекше үдеріс, бұл үдеріс сыртқы қадағалау мен бақылауды
қажет етеді және түпкі нәтижесі ретінде оқушының берілген тапсырманы
орындауда бұрынғы игерген білімдері мен икемдіктерін дұрыс пайдалана
алуы.
Нақтылап айтатын болсақ, барлық іс-әрекет тұлғаға белгілі бір тәжі-
ри бені жинақтауға мүмкіндік береді, сол сияқты оқу іс-әрекеті де оған
қа тысушылардың бірінің тәжірибе жинақтауға алдын ала бағытталған іс-
әрекеті. Танымды қамтамасыз ете отырып, ол оны тура немесе басты нә-
тиже ретінде береді. Оқу іс-әрекеті сонымен қатар алғашқы нәтиже ре тін-
дегі ғана адамның жаңа білімдер мен икемділіктерін немесе ескі бі лім дері
мен икемділіктерін жетілдіруді көздейді. Жоғарыда атап өткендей, адам
қандай іс-әрекет атқармасын нәтижесіз болмайды, іс-әрекеттің орын да-
луының соңғы нәтижесі субъектің ойындағыдай немесе, керісінше, оның
ой лағанындай болмауы мүмкін. Іс-әрекеттің нәтижесі ойлағанындай бол-
мауына бірқатар себептер бар, олар: пәні, субъект, сыртқы шарттар. Адам
іс-әрекеті нәтижесінің ойлағандай болмауына сыртқы шарттардың тұрақ-
сыз дығы, өзгергіштігі себеп болады. Мысалы, зерттеушінің тәжірибесі
ба рысындағы табиғаттың қолайсыздығы. Сонымен
қатар іс-әрекеттің нә-
ти жесі негізгі және жанама болып бөлінеді. Негізгі нәтижесі ретінде жос-
парланған нәтижені, ал қосымша өнім ретінде жоспардың орындалмауын
танимыз, өйткені жоспар орындалмаса да, қандай әрекет орындалса да
түпкі нәтиже беретіні анық.
Оқу іс-әрекеті – оқушылардың қолма-қол тәжірибені меңгеру арқылы
іске асыратын танымның нақты әрекеті. Оқыту іс-әрекеті білім алудың
тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді оқу іс-әрекетінің
құрылымдық бөлшектеріне тоқталайық. Оқу іс-әрекетінің мазмұнын
нақтылауда біз адам әрекетінің осыған сәйкес құрылымдық сәттерінің
мазмұнына сүйенеміз. Оқу іс-әрекетінің субъектісі – бұл оқушы адамдағы
оның оқу іс-әрекетін қамтамасыз ететін, яғни функционалдық ми мүшелері
– оқу икемдігін иеленуші құрылымдар. Олар сол сезім мүшелеріне және
қозғалыстық аппаратқа қажетті; оқу субъектісіне тән сипаттамасы сол іс-
әрекетті жандандыруға өзекті дайындықтың болуы болып табылады.
Мұнда оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрауыштары емес, оқу іс-әрекетінің
негізгі, танымдық компоненттерін орындау
икемділігі туралы айтылып
отыр. Оқушы тек оқудың талапқа сәйкес орындалу тәртібін іске асыра білуі
тиіс. Оқу икемділігі жоқ оқу іс-әрекетінің субъектісі туралы да айтуға бо-
2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
148
лады. Бұл оқушы шынайы оқитын, бірақ онда оқу іс-әрекеті алгоритмін
бекітудің сыртқы құралдарын қолданған жағдайда: сәйкес мазмұнда оқу
карталары немесе оқу үдерісін ағымдық басқаруды іске асыратын және істің
барысында оған сол іс-әрекеттің құрамына қандай әрекетті оның орындауы
қажет екенін айтып отыратын оқытушы адам. Әрине, мұндай жағдайларда
оқушыны, ақпараттарды сыртқы иеленушілердің нақты әрекетер жаса-
уына мүмкіндік беретін, негіздік икемділігі болуы тиіс. Сонымен, оқу іс-
әрекетінің субъектісі – мұғалім.
В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің
міндеттерін анықтауда
зерт теудің фасеттік жіктемесін ұсынды. Бұл жіктемелерге сәйкес нақты
ережелердің жиынтығы мен белгілер бойынша бөлудің қалыптасқан
жүйесі негізінде көптеген нақты объектілерді топтарға реттеп бөлу тән.
Фасет – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген бірыңғай термин-
дер тобы (бөлу негіздемесінің сипаты). Зерттеудің фасеттік жіктемесі
– объектілерді зерт теу дің түрлі жақтарын сипаттайтын тәуелсіз
топтамаларға бөлу. Әр фасетке білім саласындағы ғылыми жұмыстардың
түрлі белгілерін сипаттайтын көптеген терминдер кіреді. Теориялық және
тәжірибелік маңыздылығы тұрғысынан зерттеудің сипатын көрсететін
белгісінің төрт түрін бөліп көрсетуге болады (міндеттер,
нәтижелер,
тұтынушы, басылым түрі).
Бірінші фасет – зерттеудің міндеттері жұмысты жоспарланған мақ сат-
тардың нәтижелері тұрғысынан сипаттайды. Ғалым дидактикадағы зерт-
теудің түрлі тұрпаттары үшін жіктемелік белгілердің құрылымында мін-
дет терді келесі терминдер көмегімен белгілеуді ұсынады: талдау; енгізу;
айқындау; болжам; толықтыру; оқып-білу; зерттеу; қолдану;
нақтылау;
жалпылау; деректеу; талқылау; сипаттау; анықтау; бағалау; дайындау; рас-
тау; бекіту; құрастыру; тексеру; даму; қарастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру;
құру; нақтылау; тұжырым; сипаттама.
Белгілі тақырып бойынша зерттеудің өзектілігі ретінде зерттеудің
бөлімін жазудың әдістерін аша түсу қажет. Зерттеудің эксперименті мен
әдістері туралы оқулықтың 3.4-тармақшасынан қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: