К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет145/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық 
деректер. 
Балантидиоз 
еліміздің 
көп 
аймақтарында шошқа өсіретін шаруашылықтарда кездеседі. Аурудың көзі - 
паразит тасымалдушы ересек шошқалар және атжалмандар (хомяк). Паразит 
ас қорыту жолдары арқылы балантидия цисталарымен ластанған жем-су 
арқылы жұғады. Балантидиозбен көбінесе енесінен ажыратылған торайлар 
ауырады. 
 
 
 
 
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-14 күн. Оның жіті 
түрінде торайлардың дене ыстығы 1-1,5
0
С көтеріледі. Ауру торайлар 
күйзеліп, тәбеті қашып, торай орнында жатып қалады, іші өтеді. Нәжісі 
сұйық, сұр балшық немесе жасыл-қоңыр түсті, шірік иісті. Кейінірек оған 
шырыш және қан қосылады. Торайлар арықтайды, жерге аунап төсеніш 
астына енуге тырысады. Аурудың жіті түрі 2-3 аптаға созылады. 
Балантидиозының созылмалы түрінде дене ыстығы қалыптағыдай не 
сәл көтеріңкі болады. Тәбеті құбылмалы, бір қалыпты емес. Іш өтуі 
бұлыңғыр, нәжісінде қанның ізі ғана бар. Ауру торайлардың қаны азайып 
әлсірейді, әбден арықтап титықтайды. 
Балауы. Балантидиозды кешенді зерттеулер негізінде анықтайды. 
Ауру торайдан алынған сіріңке басындай ғана нәжісті 2-3 тамшы 
физиологиялық ерітіндіге араластырып жұғынды препарат жасап, микроскөп 


153 
арқылы тексеру керек. Мұндайда балантидиялардың қозғалымпаз түрлерін не 
цисталарын табады. 
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Балантидиоздан өлген 
торайдың өлексесі өте арық. Жіті балантидиозда соқыр ішек пен тоқ ішек 
және қарынның кілегей қабығы ісінеді, катаральді қабынады. Соқыр, тоқ 
және тік ішектердің әр жерінде уытты жаралар кездеседі. Олардың үлкеңдігі 
бұршақтан ағаш жаңғағына дейін. Шажырқай сөл бездері үлкейген, әр жері 
қанталаған. 
Емі. Балантидиозға қарсы 0,03-0,05 г/кг мөлшерінде, күніне 2 рет үш 
күн ұдайы осорсол беріледі. Күніне 2 реттен 0,05 г/кг мөлшерінде екі-үш күн 
ұдайы ішкізілген ятрен де жақсы нәтиже береді. 
Сондай-ақ, осы екі дәріні кезекпе-кезек қолдануға болады. Мұндайда 
алғашқы үш күнде осарсол, кейінгі үш күнде ятрен беріледі. Тилан 0,0012 
г/кг мөлшерінде күніне 2 рет, 3 күн ұдайы жемге не суға қосылып беріледі. 
Фуразолидон да жақсы нәтиже береді. Оны аздап жемге қосып, 
енесінен ажыратылған торайларға 2 мг, ересек шошқаларға 5 мг-нан күніні 2 
рет бес күн ұдайы береді. 
Йодинал 4 айға дейінгі торайға 3-15 мл, 4 айдан үлкең торайға 20-25 
мл-ден күніне 2 рет беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет